- Сыйлық картасы Arasan Wellness & SPA кешенінде бар және ас үй қызметінен басқа, барлық қызмет түрлерін төлеу барысында қолданылады.
- Сыйлық картасының номиналы теңгемен (ҚҚС-мен сомасы).
- Сыйлық картасымен клиенттерге қызмет көрсету Arasan Wellness & SPA кешенінің қолданыстағы ережелерінде қарастырылған жалпы жағдайларда жүзеге асырылады.
- Luxe-нөмірлерді, монша рәсімдерін, Arasan Detox & SPA (массаждық SPA-салон), Beauty Studio және Wellness & SPA (сумен емдеу) процедураларын брондау ең аз дегенде 1 күн бұрын жүзеге асырылады. Бір картаны аталған бөлімшелердің тек біреуінде ғана қолдануға болады.
- Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сыйлық картасы жарамсыз болып табылады. Сыйлық картасының жарамдылық мерзімі алынған күннен бастап 1 ай мерзімінде.
- Сыйлық картасын Arasan Wellness & SPA кешенінің рецепциясында кассир іске қосады.
- Сыйлық картасы ақшаға айырбасталмайды. Карта қайтарып беруге жарамайды. Жоғалған жағдайда карта қалпына келтірілмейді және сомасы қайтарылмайды.
- Сыйлық картасының номиналынан аз сомаға тауар немесе қызмет таңдаған жағдайда, сомадағы айырмашылық иесіне қайтарылмайды.
- Картаның номиналынан артық сомаға тауар немесе қызмет таңдаған жағдайда, оның иесі қосымша ақыны қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен жүргізеді.
- Сыйлық картасы «Арасан кешені» ЖШС-нің меншігі болып табылады және қолданғаннан кейін қайтарылмайды.
- Сыйлық картасы Arasan Wellness & SPA кешенінде қызмет алу үшін тек бір рет кіруге қолданылады.
- Картаны іске қосқаннан кейін аталған жадынаманы кассирге көрсету міндетті!