Назар аударыңыз! Көптеген процедуралардың бағалары онлайн-төлемге арналған арнайы жеңілдіктермен көрсетілген.
Өзекті бағаларды «Прайс» бөлімінен қараңыз.
Arasan Fitness – ол мықты денсаулық, кемшіліксіз дене бітімі және тамаша көңіл күй!
Arasan Wellness & SPA сауықтыру кешені заманауи жабдықтармен, жайлы киіну бөлмелерімен, душтармен жабдықталған фитнес-орталыққа келуге шақырады. Біздің тренжер залымыз Алматы қаласының орталығында орналасқан, осының нәтижесінде қаланың кез-келген жеріне жетуге ыңғайлы.
Бірақ Сіздер үшін біздің фитнес-орталыққа келудің басты себебі ол монша кешеніне бару мүмкіндігі. Қол жеткен нәтижелерді бекіту үшін жаттығу бағдарламалары мен монша процедураларын біріктіру!
Біз қандай артықшылықтарды ұсынамыз?
Біздің клиенттер үшін барлығының ең жақсысы ұсынылады:
- Technogym премиум-санаттағы заманауи тренажерлар;
- Сәйкес сертификаттары мен жұмыс өтілдері бар кәсіби тренерлар;
- Жаттығудың әртүрлі топтық бағдарламалары;
- Жеке жаттығулар;
- фитнес-дәрігер қызметі;
- кәсіби массажистер;
- монша кешеніне бару;
- душ кабиналары;
- киінуге арналған ыңғайлы орындар;
- жағымды бағалар;
- үнемі акциялар, жеңілдіктер мен корпоративті ұсыныстар.
Arasan Wellness & SPA фитнес-орталығына келіңіздер, біз әр клиентке қуанамыз. Біздің әріптестер Сіздерге таңдаған спорттық белсенділікті ескеріп, тиімді абонемент таңдап береді. Клубтық карталардың жекелеген түрлері біздің монша кешенімізге шектеусіз келуге мүмкіндік беретінін ескертеміз.
Қалауыңыз бойынша Сіз әрқашан біздің монша-сауықтыру кешенінің басқа да бөлімдерінің қызметтерін пайдала аласыз. Массаж, құрама душ, сонымен қатар, басқа да ұқсас процедуралар Сіздің өз денеңізбен жұмыс жасау бойынша жеке кестеңізге жақсы енеді.
Мұнымен қоса Arasan Wellness & SPA фитнес-орталығы әмбебап топтық және жекелеген жаттығу бағдарламаларын ұсынады. Тренажер залында жаттығуды бастамас бұрын, әрбір клиент біздің фитнес-дәрігерімізден кеңес ала алады. Маман Сіздерді тексеріп, дұрыс тамақтану бойынша қажетті ұсыныстар беріп, Сізге тиімді дене шынықтыру режимін анықтайды.
Arasan Fitness — спортпен айналысу және денсаулықты бекіту үшін тамаша жағдайлар!



Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 (ішкі 730) немесе +7 (701) 982 78 04.
«Прайс» бөлімінде абонемент пен қосымша қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.