Массаж кабинеті

Массаж — организмнің сауығуына, физикалық және эмоционалды күйіңіздің жақсаруына, әртүрлі сипаттағы бас ауруларынан айығуға және көптеген денсаулыққа оң әсер ететін басқа да әсерлердің тиімді құралы болып табылады. Біздің мастерлардың кәсіби және сенімді қолдары әрбір сеанстан рахат алуға мүмкіндік береді.

Жалпы классикалық массаж

Организмнің жалпы денсаулығын тиімді нығайтады, невротикалық бұзылуылармен күресуге көмектеседі, жүрек-тамыр жүйесін нығайтады, жүректің жұмысын жақсартады, жасартады және тонус береді.

Арқа массажы

Арқа, мойын мен бас ауруларынан көмектесетін тамаша әдіс болып табылады. Арқа массажы отырып жұмыс жасайтндарға, физикалық ауыртпашылықтар болғанда, алдын алу үшін барлығына ұсынылады.

Мойын және жаға бөлігі массажы

Еңбек күнінен кейінгі, компьютермен жұмыстан кейінгі босаңсытатын ең жақсы құрал болып табылады. Сонымен қатар, тамаша косметикалық әсерге ие, барлық организмге сергектік және тонус береді.

Табан массажы

Аяқтың табаны мен саусақтары белсенді уқаланатын массаж. Қоз,алыс кешені қан айналымын жақсартуға және шаршағанды басуға, табанның қысылуына бағытталған.  Мұндай массаждан кейін қонақ жеңілдік пен босаңсуды сезінеді.

Аяқ массажы

Балтыр мен табанға жасалатын массаждың құрама түрі. Массаж қозғалыстары аяқтарды жазады, нүктелік массаж элементтері толықтай босаңсып, аяқтардағы ауырлықтың толықтай жойылуына көмектеседі.

РЕЛАКС

Босаңсу үшін, шаршағанды басу үшін және стрессті жою үшін қолданылатын массаж түрі. Жеңіл сипалау, аромамайларды қолданып денені созу толығымен тынышталу және жан рахаты сезіміне ендіреді.

Қосымша ақпарат алу немесе процедураға жазылу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 (ішкі 734) немесе +7 (702) 714 30 44.

«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.