Arasan Wellness & SPA кешенінің сәйкес бөлімшесінен қажетті қызметті таңдаңыз және олардың қажетті мөлшерін көрсетіңіз. Міндетті түрде өзіңіздің қолданыстағы электрондық мекенжайыңызды және 7(7хх)ххххххх форматында ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз. Олардың дұрыс жазылғандығын мұқият тексеріңіз, себебі, кассада көрсету қажет, бірегей жасырын код, хат арқылы осы мекенжайға және ұялы телефон нөміріне жіберілетін болады.
Тапсырысты рәсңмдеп және төлем жасағаннан кейін, Сіз қызметті өзіңізге ыңғайлы уақытта, отыз күн ішінде пайдалана аласыз! Егер Сіз монша кешеніне кіру билетін алған болсаңыз – қызметті алдын ала брондау талап етілмейді. Өзіңізге ыңғайлы уақытта келіп, демалыстың рахатын көріңіз.
Монша кешенінің жұмыс режимі дүйсенбіден жексенбіге дейін 07:00 – 23:30 сағат аралығында.
Қонақтардың кіруі сағат 22:10 дейін (1 сағат демалысқа төлем жасалғанда), сағат 21:10 дейін (2 сағат демалысқа төлем жасалғанда) және сағат 20:10 дейін 3 сағат демалысқа төлем жасалғанда.
Егер Сізге қызметті сатып алардан бұрын кеңес қажет болса, онда Сіз call-орталыққа хабарласа аласыз: +7 (727) 390 10 10, +7 (702) 390 10 10.
Бізге келесі мекен-жайға хат жазуға болады: info@arasan-spa.kz
arasan-spa.kz сайтында клиенттерді онлайн-қолдау (Jivosite) қызметін пайдалана аласыз. Барлық кеңестер тегін!
Егер Сізде төлем жасау бойынша қиындықтар туындаса немесе Сіз қателіктер тапқан болсаңыз – біздің маманмен байланысыңыз: +7 (727) 390 10 10 (ішкі 720), marketing@arasan-spa.kz