Ерлердің SPA кабинеті

Жан тыныштығы тәннен басталады. Сізге күтім жасауға рұқсат етіңіз!

SPA кабинетімізде әрбір қонағымыз эмоционалды көңіл-күйді жақсартуға, күйзелісті және шаршағанды басу, ағзаның жалпы сауығуына, артық салмақтан құтылуға, тері тонусын арттыруға бағытталған процедуралар кешенін немесе қызметті таңдай алады. Бұдан бөлек, білікті мамандар түрлі аймақтардың депиляциясын жасайды.

Массаж және күтім жасау процедуралары

«Тән рахаты»
аромамассажы

Эфир майлары қолданылатын танымал массаж түрі. Майлардың хош иісі адамға тынығуға және толық мөлшерде процестен ләззат алуға көмектеседі. Сеанстан кейін қонақ жеңілдік пен көңіл-күйге жағымды тыныштықты сезеді.

«Шығыс шейхі»
тынығу массажы

Физикалық және ақыл-ойдың шаршағанын басуға қажет. Тынығу массажы дене бұлшықеттерін босаңсуына және эмоционалды көңіл-күйдің жақсаруына көмектеседі.

«Спорт Баланс»
массажы

Функционалды жағдайды, спорт формасын жақсарту, шаршағанды басу, физикалық жұмыс қабілетін жақрсарту, қимыл-тірек аппараты жарақаттары мен ауруларының алдын алуы үшін қолданылады.

Басқа арналған
шығыс массажы

Адам ағзасына емдік әсер етудің ежелгі тәсілдерінің бірі. Бас массажының пайдасы миды оттегімен байытып, зейін мен жадыны жақсартып, бұлшықеттердің босаңсуына және бас ауруын жазуға әсер етіп, невроздар мен үрейліктен құтқарады.

Лимфодренажды
массаж

Бүкіл ағзаға күшті сауықтыру және жасарту әсерін береді, лимфа ағыны жылдамдығын бірнеше есеге ұлғайтады, осының нәтижесінде бөлшектену өнімдерінен, уыттардан және қоқыстардан жылдам құтылады.

Банкамен «САУ АРҚА» массажы

Қан циркуляциясын, тін аралық сұйықтықты және лимфаны жақсартудың, заттардың алмасуын жылдамдатудың, тері жасушаларының қоректенуін жақсартудың, ағзадан уыттарды шығарудың тиімді тәсілі.

Аяқтарға арналған патша
массажы + парафинмен орау

Массаж аяқтардағы рефлексогенді бөліктерді күшейту арқылы ағзаға әсер етеді. Осы аймақтарды дұрыс ынталандыру күйзелістен құтылуға көмектеседі, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтады және ағзаны жаңартады.

Бал массажы +
денені орау

Бұл невралгия, құяң, миозит және басқа аурулар кезінде қолданылатын тиімді терапиялық процедура. Балдың емдік қасиеттері арқасында массаж адамның омыртқасына, буындары мен бұлшықет тіндеріне сауықтыру әсерін береді.

«Шоколадпен» орау

Шоколад кофеинге, А, РР, В1 және В2 дәрумендеріне, магнийге, кальцийге, темірге, натрийге, калийге бай, коллаген мен эластинді синтездейді, осы қасиеттерінің арқасында ораудың ең танымал құралы болып саналады. Шоколадпен ораудың әсері – теріні жасарту, оған тонус беру, қоректендіру және ылғалдандыру.

ГАВАЙ МАССАЖЫ «ЛОМИ-ЛОМИ» 4 ҚОЛМЕН ЖАСАЛАДЫ

«Ломи Ломи» — гавай массажы, оның басқа баламасы жоқ. Оның босаңсыту мен сауықтырудағы керемет әсерін басқа әдістермен салыстыруға келмейді.Массаж зат алмасу процессінің қалпына келуіне ықпал етеді. Дененің қорғаныс қасиеттері мен күйзеліске төтеп беру деңгейін жоғарылатады. Негізгі міндет — эмоционалды бұғаттаудан пайда болатынбуындар мен бұлшықеттердің қаттылығын жою болып табылады. Массаж 4 қолмен жасалады, бұл өз кезегінде процессті одан әрі нәтижелі әрі жағымды етеді.

OIL-МАССАЖ

Бүкіл денені жылы табиғи арган майымен уқалау қозғалыстар кешені денені толықтай босаңсытуға және шаршауды жоюға бағытталған белсенді уқалаумен баяу массаждан тұрады. Мұндай массаждан кейін сіз бойыңызда күш пен сергектіктің пайда болғанын сезінесіз.

АРҚА МАССАЖЫ

Алдын алу мақсатында, әсіресе, физикалық жүктемелерді бастан кешетін адамдарға және кеңсе қызметкерлеріне аса қажет. Арқа ауруы, бас ауруы, мойын ауруын жойуға көмектеседі.

«Шығыс» пилинг бөлмесінің қызметтері:

«BODRUM» САБЫНДЫ
ТҮРІК МАССАЖЫ

«Bodrum» түрік сабынды массажы – бұл тазару, сауықтыру және тынығу процедурасы. Осы массажды жасаған кезде қою көпірші қолданылады. Көбік маманның іс-қимылдарымен денеге біркелкі таралып, жұмсақтық, жеңілдік және тынығу әсерін сыйлайды.

ИСПАН ПИЛИНГІ «МУЧАЧО»

Ұсақ Жерорта теңізі тұзы мен ұсақталған маржан негізіндегі жұмсақ тазартқыш массаж-сабын пилингі.Дене ылғалдануының соңғы кезеңі карите майы қолданылады.

«ШЫҒЫС» ТҰЗДЫ ПИЛИНГ (БАС ЖӘНЕ ДЕНЕ)

Алдымен денені «Кесса» қолғабымен скрабтайды, содан кейін «Фукус» теңіз тұзы мен балдырлар негізіндегі сабынды пилингтің көмегімен денені тазартады. Соңғы кезеңде шашты нығайту және өсіру үшін, теңіз тұзына негізделген сабынды пилингтеу.

«ПАДИШАХ» ДЕНЕ МЕН БАСТЫҢ
ШОКОЛАД-САБЫНМЕН ЖУУ

Денені сабынмен жуып, артынша жеңіл массаж жасай отырып шоколадтты паста жағу. Соңғы кезеңдебасты жуу.

«МАРРАКЕШ» МАРОККАЛЫҚ ДЕНЕ КҮТІМІ

Теріні тиімді тазартатын, уыттарды кетіретін және теріні пайдалы микроэлементтер және минералдармен қанықтыратын кешенді дене күтімі. Ол керемет ылғалдандырады және серпімді, тартылған және тегіс етеді. Бағдарлама өте жақсы босаңсытады және керемет тынығу сыйлайды, иммунитет пен көңіл-күйді жақсартады.

Ерлер аралас моншасы қосымша қызметтері

БУҒА ШАБЫНДЫРУШЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Шабыну

7 минут ішінде

Хош иісті сыпыртқымен бүкіл денені бумен қыздыру, кәсіби шабындырушының белсенді әрекеттері сізге босаңсуға және процедурадан рақаттылық алуға көмектеседі. Сыпыртқы жапырақтарынан алынған пайдалы заттар бумен шабынуда теріге ұсақ тесіктер арқылы еніп, ағзаға емдік әсер етеді.

Арқаны булау

2 минут ішінде

Хош иісті сыпыртқымен арқаны бумен қыздыру, кәсіби шабындырушының белсенді әрекеттері сізге босаңсуға және процедурадан рақаттылық алуға көмектеседі. Сыпыртқы жапырақтарынан алынған пайдалы заттар бумен шабынуда теріге ұсақ тесіктер арқылы еніп, ағзаға емдік әсер етеді.

Массаж жасаушының қызметтері

Жалпы классикалық
массаж

Массаж әсіресе отырып жұмыс істейтіндерге арнап көрсетілген. Мұндай массаж түрі тынығуға, шаршағанды және ауырған сезімді басуға көмектеседі. Массаж бүкіл денеге жасалады, дәл әрі бірқалыпты қозғалыстар қан айналымын қыздырады, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің жұмысын жақсартады, күйзелісті жояды

Арқа
массажы

Емдік мақсаттарда барлығына, әсіресе, физикалық жүктеме көретін адамдарға, кеңсе қызметкерлеріне келеді. Арқаңыздағы аурудан, бас ауруынан, мойын бөлігіндегі аурудан құтылуға көмектеседі.

Арқа + бас
массажы

Арқа және басқа арналған жалпы сауықтыру-тынығу массажы. Шаршағанды басуға, бұлшықеттерді қыздыруа, қан айналымын жақсартуға, ісінуді жоюға көмектеседі. Реттік қарқынды және баяу шынықтыру қозғалыстарының арқасында толық тынығу әрі жеңіл сезіну әсерін алуға болады.

Арқа + аяқ +
қол массажы

Арқа, қол және аяқ бөліктеріне қолмен массаж жасау физикалық еңбекпен айналысатындарға өте пайдалы. Массаж тынығуға және күш-қуатты қалпына келтіруге көмектесіп, шаршағанды басады.

Мойын және жаға
бөлігінің массажы

Осы массаж түрі отырып жұмыс істейтін адамдарға пайдалы, мойындағы ауырғанды және жайсыздықты жоюға көмектеседі. Косметикалық әсері бар, әсер ету аймағында және беттегі теріні тартып тегістейді.

Аяқ
массажы

Балдыр мен табанға әсер ететін массаждың құрама түрі. Уқалау арқылы аяқтарыңыз жазылып, дәл массаж жасау элементтері толық тынығуға көмектесіп, аяқтағы шаршағанды басады.

Табан
массажы

Аяқтың табандары мен саусақтары жақсы уқаланатын массаж. Іс-қимыл кешені қан айналымын жақсартуға, шаршағанды, табандардың қысылғанын басуға бағытталған. Мұндай массаждан кейін, қонақ жеңілдік пен тынығу сезімінде болады.

Oil
массаж

Табиғи майды қолданып, бүкіл денені уқалау, іс-қимылдар кешені белсенді уқалау мен баяу уқалау қозғалыстарды қамтып, толық тынығу мен шаршағанды басуға бағытталған. Мұндай массаждан кейін күш-қуаттың келуі мен сергектікті сезінесіз.

Жуу

Қолғап пен сабын арқылы денені жуу, теріні сыртқы ластанудан жақсы тазалап, терінің қабыршықтанған қабатын алады, қан айналымын күшейтеді.

ПИЛИНГ

Теріні тиімді тазарту, оған тазалық, сергекті әсерін беру үшін «Кесса» қолғабымен құрғақ скрабтеу. Тері тегістеліп, саңылаулар ашылып, оттегі терінің ішкі қабаттарына кіре алады.

ТҰЗДЫ ПИЛЛИНГ

Қабыршықтанған бөлікті алып, тазалап, теріні скрабтеп, теңіз тұзында минералдармен және микроэлементтермен қоректендіретін ұсақ теңіз тұзын қолданатын құрғақ тұзды пилинг.

КӘСІБИ БЕТ МАСКАСЫ

Бетке арналған маска тері типі бойынша жеке таңдап алынады, Израиль/Швейцария өндірісінің жоғары сапалы кәсіби косметикасы ғана қолданылады.

БЕТТІ СКРАБТАУ

Кәсіби косметикалық скрабты қолданып, уқалау арқылы бет терісін тазалау. Массаж қозғалыстары сергітетін әсер береді, скраб теріні сыртқы ластанудан тазартады, саңылауларды ашады, теріге тазалық, жеңілдік әсерін береді, жарқыратады, теріге сау реңк береді.

ДЕНЕНІ СКРАБТАУ

Кәсіби косметиканы қолданып, дене терісін скрабтеу. Мұнда жай уқалау арқылы скраб теріні тазартады, саңылауларды ашады. Процедуралар аяқталғаннан кейін қонақ тазалық пен жеңілдікті сезеді.

БЕТТІ СКРАБТАУ + ДЕНЕНІ ЖӘНЕ БАСТЫ ЖУУ

Денені скрабтеу денені сыртқы ластанудан, терінің қабыршықтанған жасушаларынан тазалануға, кейінгі күтім жасау процедуралары үшін саңылауларды ашуға көмектеседі. Скрабтеу аяқталғаннан кейін тері типі бойынша бет пен денеге маска жағылып, ол теріні қоректендіріп, ылғалдандырады.

Кешенді ұсыныстар

№1 КЕШЕН АРҚА МАССАЖЫ +

ПИЛИНГ

Сапаны жоғалтпайтын тиімді ұсыныстар! Кешен барлығына пайдалы арқаның қол массажын қамтиды. Массаж тынықтырады, шаршағанды басады, сергектік пен тонус береді. Массаждан кейін пилинг процедурасы, арнайы қолғаппен тазалау процедурасы жүзеге асады. Тері жақсы скрабтеліп, тазаланып, сергиді.

№2 КЕШЕН БУМЕН ШАБЫНДЫРУ +

ЖАЛПЫ КЛАССИКАЛЫҚ МАССАЖ

Ыстық бу және жаңа сыпыртқы әсерінен терідегі ұсақ тесіктер ашылып, дене токсиндер мен шлактардан арылатын денені бумен шабындыру процедурасынан тұратын процедуралар кешені. Бумен шабындырудан кейін сабынды қолдана отырып, жалпы классикалық монша массажы жасалады. Мұндай массаж тек босаңсытып қана қоймай, жағымды жеңілдік сезімін береді, денені керемет тазартады, сонымен қатар бумен шабындырудан кейін мұндай процедура өте пайдалы болады.

№3 КЕШЕН ЖУУ +

АРҚА МАССАЖЫ

Денені жууды қамтитын процедуралар кешені, егер ол бумен шабындырудан кейін болса жақсы, өйткені терідегі ұсақ тесіктер ашылып, барлық токсиндер мен шлактар бетінде болады. Жуғаннан кейін арқаға массаж жасалады, ол отырықшы жұмыстан немесе физикалық күш салғаннан кейін шаршауды жеңілдетеді.

№4 КЕШЕН БУМЕН ШАБЫНДЫРУ +

ЖУУ + АРҚА МАССАЖЫ

Үш процедурадан кешен: балғын сыпыртқымен бумен шабындыру, ол денені керемет жұмсартып, кейінгі процедуралар үшін дайындайды. Бумен шабындырудан кейін жуу керек, ол шабындыру кезінде терімен бөлінетін барлық ластануларды, шлактар мен токсиндерді жуып тазалайды. Арқа массажы кешенді аяқтайды және жеңілдік пен жағымды босаңсу сезімін береді.

№5 КЕШЕН БУМЕН ШАБЫНДЫРУ +

ПИЛИНГ

Екі процедурадан кешен: балғын сыпыртқыны пайдалана отырып кәсіби шабындырушының тиімді және дұрыс бумен шабындыруы. Бумен шабындырғаннан кейін құрғақ пиллинг денені тазартып, теріні сергітетін арнайы биялаймен жүзеге асырылады.

Маникюр және педикюр шеберінің қызметтері

ЕРЛЕР МАНИКЮРІ

Эстетикалық көрініс процедурасы бірнеше кезеңнен тұрады: кутикуланы жұмсарту және алып тастау, тырнақ пластинасына жинақы және тегіс пішін беру, соңғы күтім, қалауынша лактау.

Аяққа арналған ПЕДИКЮР

Саусақтар мен тырнақтарға күтім жасау процедурасы бірнеше кезеңнен тұрады: кутикуланы жұмсарту және алып тастау, тырнақ пластинасына жинақы және тегіс пішін беру, крем жағу және аяқ саусақтарына массаж.

АЯҚ МАССАЖЫМЕН

ПЕДИКЮР

Аяқ пен саусақтарға эстетикалық көрініс беру процедураларының кешені. Ол бірнеше кезеңнен тұрады: кутикуланы жұмсарту және алып тастау, тырнақ пластинасына пішін беру, аяқтың жағымды босаңсытатын массажы және мейман қалауы бойынша тырнақты лактау.

Педикюр + маникюр +
табан массажы сыйлыққа

Маникюр, педикюр және табан массажын қамтитын қызметтер кешені. Маникюр қолдарға жағымды, жақсы күтімді көрініс береді, педикюр табанның эстетикалық көрінісінен басқа, теріні тегістейді, дөрекі және жағымсыз кедір-бұдырлардан және терінің кедір-бұдырларынан арылтады. Аяқ массажы массаждың ең жағымды және пайдалы түрлерінің бірі, бірін-бірі алмастыратын массаж әрекеттері мен нүктелік массаж элементтері тиімді босаңсытады, шаршауды басады.

ЛАКПЕН

ЖАБЫНДАУ

Тырнақ пластинасын кутикуланы алып тастамай және тегістемей лакпен жабындау.

ҚОЛДАРДАҒЫ ТЫРНАҚТАРДЫ

КЕСУ

Өскен қолдағы тырнақтарды ұқыпты және жылдам алып тастауға арналған эстетикалық процедура. Соңында, мейманның қалауы бойынша тырнақтарға пішін беру.

АЯҚТАРДАҒЫ ТЫРНАҚТАРДЫ

КЕСУ

Аяқ саусақтарында көбекірген тырнақтарды алуға арналған эстетикалық процедура, ұқыпты әрі тез. Соңында қонақтың қалауы бойынша тырнақтарға форма беріледі.

ТАБАНДАРДЫ

СКРАБТАУ

Косметикалық крем-скрабтың көмегімен табандарды скрабтау. Табан терісін тазартуға, жұмсартуға арналған процедура. Жұмсақ массаж қозғалыстары мен скрабтаушы заттың бөлшектері жұмсақ теріге қол жеткізуге және оны әрі қарай нәрлендіруге, ылғалдандыруға немесе басқа күтім процедураларына дайындауға көмектеседі.

Балаларға арналған қызметтер

БАЛАЛАР ПИЛИНГІ

Теріні тиімді тазарту, оған тазалық, балғындық сезімін беру үшін «Кесса» биялайымен құрғақ скрабтау. Тері жұмсақ, нәзік болады, терідегі ұсақ тесіктер ашылады және одан әрі бумен шабындыру токсиндерді, шлактарды тамаша кетіреді.

4 жастан 8 жасқа дейін. 8 жастан 11 жасқа дейін.

БАЛАЛАР МАССАЖЫ

Балаларға арналған қол массажы, бір-бірін алмастыратын жұмсақ және белсенді массаж әрекеттері денені босаңсытады, шаршауды, бұлшықеттер мен буындардың қысылуын жояды. Мұндай массаждан кейін дененің жеңілдігі және жағымды босаңсу сезіледі.

БАЛАЛАРДЫ ЖУУ

Денені биялай және сабынмен жуу, теріні сыртқы кірден тамаша тазартады, терінің қабыршақтанған қабатын кетіреді, қан айналымын жақсартады.

Қосымша ақпарат алу үшін немесе процедураларға жазылу үшін келесі телефондармен хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 немесе +7 (702) 390 10 10.

«Прайс» бөлімінен қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.