Орыс-фин Luxe нөмірлері

Сіздерге қызмет етуге фин монша дәстүрін сақтайтын 6-адамға дейін сыятын 2 жайлы монша нөмірлері дайын.  Бұл жерде сіздер отбасыңызбен немесе достарыңызбен демала аласыздар. Құрама моншада келушілер өздігінше будың ылғалдылық деңгейін таңдай алады. Сонымен қатар әрбір luxe-нөмірде қонақтар мынадай қызмет түрлерін пайдалана алады:

  • купельде шомылу, жылы және салқын душ қабылдау немесе арнайы күбіден суық су қабылдау;
  • массажға тапсырыс беру, демалатын орында мызғып алу, караокеде ән айту;
  • Lobby & Rest Bar мәзірінен тамақтану, сондай-ақ қосымша ақыға әртүрлі монша процедураларының пайдасын бағалау.

Орыс моншасының артықшылықтары

Біз Сізге күш-қуатыңызды қалпына келтіруіңізге, ішкі органдар мен жүйелердің жұмысын оңтайландыруға, көңіл күйіңізді көтеруге және жақсы демалуыңызға көмектесеміз. Орыс моншасы ағзадан түрлі зиянды заттарды тиімді әрі тез шығаруға, денені тазалауға, жүрек және тамыр жүйесінің жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге Сіз жаңа күшті сезініп, теріс эмоцияларды ұмытасыз.

Фин саунасының артықшылықтары

Ыстық құрғақ бу қанның бұлшықеттер мен теріге келуін жақсартады, нерв жүйесін тыныштандырады, көңіл-күйді көтереді.  Сонымен бірге, фин саунасы иммунитетті күшейтеді, метаболизм процестерін оңтайландырады, терінің жағдайын жақсартады.

Қосымша ақпарат алу немесе процедураларға жазылу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 (ішкі 741/768); +7 (775) 390 05 50.

«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.