Назар аударыңыз! Көптеген процедуралардың бағалары онлайн-төлемге арналған арнайы жеңілдіктермен көрсетілген.
Өзекті бағаларды «Прайс» бөлімінен қараңыз.

arasan-men

Ерлерге арналған құрама моншалар

web_bk_dop_ban_3-min

Ерлерге күтім жасау қызметтері

arasan-woman

Әйелдерге арналған құрама моншалар

web_bk_dop_ban_1-min

Әйелдерді күту қызметтері

arasan-Pool

Бассейн

Arasan Wellness & SPA монша және сауықтыру кешені сіздің кез-келген тілегіңізді орындайды!

Arasan Wellness & SPA — нағыз моншаның классикалық дәстүрлерін бағалайтындар үшін сенімді таңдау. Біздің монша кешені – ол бірегей архитектура, жайлылықтың жоғарғы деңгейі және заманауи жабдықтар. Жарық және жайлы ғимараттың ішінде мөлдір таза сумен толтырылған бассейн орналасқан. Бұл суды біз өзіміздің артезиан ұңғымамыздан аламыз, ол оның экологиялық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Сонымен қатар бізде қонақтарға орыс, фин және шығыс шабыну бөлмелерінің қызметін ұсынатын ерлер және әйелдер бөлімдері жұмыс істейді.

Әйелдер бөлімі 230 келушіге арналған. Ерлер бөліміне 270 қонақ сияды.

Сонымен қоса, біз клиенттерімізге қосымша қызметтер ұсынуға әрқашан дайынбыз:

  • пилингтің әртүрлі түрлері;
  • сыпыртқымен булау;
  • әртүрлі техникаларды қолданып массаж жасау;
  • косметологтың қызметі;
  • орау.

Температура

Температуралық контрасттың әсері көңіл-күйге және хал-жайыңызға жағымды ықпал етеді.  Сонымен қатар, мұндай техника тері жабынына пайдалы. Дәл осы үшін біздің монша-сауықтыру кешені температураны алмастыру әдісін қолданады. Шабыну бөлмесінің жанында суық су толтырылған арнайы ыдыстар орналастырылған, ілінген күбішелер шабыну бөлмесінен шыққан мезетте қатты қызған денені лезде суытуға арналған.

Шабыну бөлмесінің түріАуаның температурасы, oCСалыстырмалы ылғалдылық, %
Орыс шабыну бөлмесі70-100ең көбі 80%
Фин шабыну бөлмесіең көбі 120ең көбі 15%
Шығыс шабыну бөлмесі (Хаммам)45-5080%-дан төмен емес

Шабыну бөлмесінде тек қана сапалы материалдар мен тексерістен өткен технологиялар қолданылады. Тұрақты темперратура арнайы жабдықтың көмегімен ұсталынып тұрады. Шойынның қызуы газ жанарғысымен жүзеге асырылады. Біздің монша-сауықтыру кешенінде қолданылатын замануи технологиялар олар:

  • көмірсутегінің толық жануы;
  • күйе мен күлдің болмауы;
  • температураның тұрақтылығы.

Орыс шабыну бөлмесі

Ылғалды ыстық бумен рахаттанғыңыз келеме? Нағыз орыс моншасында шабынуды ұсынамыз. Мұндай демалыс тек қана жайлы ғана емес, сонымен қатар ол пайдалы. Бірақ, кез-келген адам сәйкес ылғалдылық пен температураға шыдай алмайды. Сондықтан біз өз организміңізді мұқият тыңдап, емдеуші дәрігердің барық ұсыныстарын сақтауыңызды ұсынамыз.  Ылғалды будың маңызды артықшылығы оның теріге оң әсерінде. Орыс шабыну бөлмесінде болу барысында теріңіздің ұсақ тесіктерінің тазаруына және сұйықтықтың жаңартылуына мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, моншаның аталған түрі әртүрлі ауруларды (тері және әртүрлі нерв жүйесі ауруларын, жүрек-қан тамыр жүйесі мен сүйектердің дертін, демалу жүйесінің ауруларын және т.б.) емдеуге көмектеседі.

Arasan Wellness & SPA-дағы орыс шабыну бөлмесінің ерекшеліктері

Әр пешке тоғыз тонна шойыннан жасалған құймалар сыяды. Аталған құймалар газ жанарғысы көмегімен бес жүз градус температураға дейін қыздырылады. Шойынның физикалық қасиеттеріне және ұзақ уақыт қыздырудың (кешкі 11-ден таңғы 6:30 дейін) нәтижесінде құймалар ұзақ уақыт бойы қатты қызған қалпында қалады. Осылайша, пештердегі ыстық күні бойы сақталып тұрады. Сонымен қатар, біздің монша-сауықтыру кешенінің қонақтары еш кедергісіз жылылық пен жайлылықпен рахаттана алады.

Пештерді газбен жағу – қажетті температураны ұстап тұру үшін өте ыңғайлы және экологиялық қауіпсіз әдіс болып табылады. Өзіміздің клиенттерімізге бос уақыттарын қауіпсіз,  сапалы және пайдалы өткізуді қамтамасыз ету үшін, біз отын қолданбаймыз. Сіздерді күнделікті таңғы сағат 7:00-ден кешкі 23:00 аралығында күтеміз.

Фин шабыну бөлмесі

Фин саунасының ыстық және құрғақ ауасы – орыс моншасының ылғалды буына өте жақсы балама. Көптеген адамдар жоғары ылғалға қарағанда, жоғары температураға жақсы шыдайды. Саунада сыпыртқы қолданылмаса да, бұл жердегі жайлы атмосфера нағыз сапалы демалысты бағалаушылардың көңілінен шығады.

Фин шабыну бөлмесінде қызған денені салқын сумен суыту мүмкіндігін ұсынады. Ол үшін арнайы ілінген күбілерді қолдану керек, немесе бассейнге жүзу қажет. Сәйкес процедуралар қантамырларының алма кезек тарылуын және кеңеюін қоздырады. Нәтижесінде тері мен қантамыр жүйесінің жағдайы жақсарады.

Шығыс шабыну бөлмесі

Хаммам – ол жоғары ылғал мен салыстырмалы аса жоғары емес температураны жақсы көретіндер үшін тиімді нұсқа. Хаммамның жылы және жағымды буы Сізге нағыз рақат сыйлайды. Түрік шабыну бөлмесінің барынша жайлы температурасы бұлшықеттің тырысуын басып, босаңсуға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай демалыс күшіңізді қалпына келтіріп, теріңізді ылғалдандырып, сергітеді және көңіл-күйіңізді жақсартады.

Бассейн

Arasan Wellness & SPA аймағында ерлер және әйелдер бөлімдерінде, тереңдігі 160 сантиметрге жететін, ал диаметрі 10 метрге жететін бассейндер жұмыс жасайды,  Сонымен қатар, luxe-нөмірлерде, бірнеше адамдардан тұратын топтарға арналған жеке бассейндер бар. Кешеннің барлық резервуарлары өзіміздің артезиан ұңғымасынан шығарылатын таза сумен толтырылған. Судың температурасы 24-26 to белгісін ұстап тұрады.

Маңызды ақпарат!

Барлық бассейндер арнайы тазарту және зарарсыздандыру жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, біз үнемі суды ауыстырып отырамыз, күнделікті судың қаттылық көрсеткіші мен хлор деңгейін тексеріп отырамыз. Сондай-ақ келушілердің қауіпсіздігі заманауи зарарсыздандыратын құрамдарды қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Шабынудан кейінгі сумен жасалатын процедуралар қантамыр жүйесіне жақсы әсер етеді. Сонымен бірге температуралық контраст теріні созылмалы және жинақы етуге көмектеседі.

Моншаға арналған сыпыртқылар

Орыс моншасы ыстық қайнаған суда буланған кептірілген сыпыртқылармен сипатталады. Мұндай сыпыртқылар, емдік қасиеті бар (арша, қайың, жөке және т.б.) әртүрлі ағаш түрлерінен жиналады.  Құрғақ буланған бұтақтар қызған денені қаққылау үшін қолданылады. Осы әрекеттің нәтижесінде кеңейтілген тері қуыстары арқылы организмге пайдалы заттар енеді. Сонымен қатар, мұндай қаққылау ерекше және ұмытылмайтын әсерлер береді.

Біз сыпыртқымен булаудың әртүрлі техникаларын қолданатындығымызды ескерте кету керек. Осының арқасында біздің қонақтарымыз барынша рахаттанып, және пайда алады. Сыпыртқыларды моншаға қажетті өзге де атрибуттармен монша-сауықтыру кешенінің аумағынан сатып ала аласыз.

Массаж

Сіздің барынша пайдалы және жағымды демалысыңызды қамтамасыз ету үшін, біз кәсіби массажистің қызметін ұсынамыз. Біздің мастерлеріміз Сіздің бұлшықетіңіздің босаңсуына, ал организміңіздің күшін қалпына келтіруіне көмегін тигізеді. Бізде әртүрлі техникаларға ие, маманданған қызметкерлер жұмыс жасайды. Сіз массаждың тиімді түрін қосымша қызмет тізімінен таңдай аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 немесе +7 (702) 390 10 10.

«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.