
Косметология Beauty Studio-ның жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Ұсынылатын қызметтердің кең спектрі әрбір қонаққа өздерін қызықтыратын процедураны табуға мүмкіндік береді. Біздің салонда механикалық әсер ететін және аппараттық сипаттағы процедуралар жасауға мүмкіндіктер бар.
Beauty Studio клиенттеріне мына қызметтер ұсынылады:
- Қасқа күтім жасау;
- Депиляция;
- Бетті тазарту және пилингтер;
- Беттің массажы;
- Бетке күтім жасаудың кешенді бағдарламалары.
Қастарға күтім жасау / балауызбен депиляция
Қастарды түзету

Клиенттің қалауы бойынша / беттің формасы бойынша / қастарға форма беру / бар формадағы қасты түзету
Қастарды қынамен / бояумен бояу

Қастың түсін күшейту үшін, қастарға анықтық беру үшін, оларға табиғи және эстетикалық түр беру үшін оларды арнайы бояумен немесе қынамен бояу.
Балауызбен депиляция

Классикалық бикини. Бикини аймағындағы қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Терең бикини. Бикини аймағындағы қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Мұрт. Жоғарғы ерін үстіндегі қажетсіз шашатарды балауызбен алу.
Қолтық асты шұқырлары. Қолтық астындағы қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Бет. Беттегі қажетсіз шаштарды балауызбен толықтай алу.
Қолдары шынтаққа дейін. Шынтақтың бүгілу аймағына дейінгі қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Қолдары толығымен. Барлық қолдағы қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Аяқтары тізеге дейін. Аяқтардағы тізеге дейінгі қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Аяқтары толығымен. Барлық аяқтардағы қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Арқа, кеуде. Арқа мен кеудедегі қажетсіз шаштарды балауызбен алу.
Кешен
Қолдары шынтаққа дейін, Аяқтары тізеге дейін, қолтық асты шұқырлар және классикалық бикини аймағындағы қажетсіз шаштарды балауызбен алу
Бетті тазалау / Пилинг
Аппараттық

Теріні тыныштық күйінде сыртқы ластанулардан, комедондардан, безеулерден терең тазарту. Терінің жағдайына байланысты тазарту құрама немесе аппаратпен жүргізілуі мүмкін. Бекіту мақсатында қуыстарды сақтауға арналған және нәтижені бекітуге арналған соңғы күтім.
Вакуумдық

Терең тазартуға бағытталған процедуралар кешені бірнеше кезеңнен тұрады: демакияж, тері қуыстарының ашылуына арналған қыздыратын масканы жағу, вакуумдық аппаратпен теріні тазарту, соңғы күтім.
Ультрадыбыстық

Теріні ультрадыбыстық тербеліс көмегімен тазарту процедурасы, аппарат қасық-қырғыш формасында жасалған. Процедурадан кейін тері неғұрлым жұмсақ, тегіс болады, маскалар мен күтім жасау құралдарының қоректендіретін компоненттерін жақсы сіңіреді.
Механикалық

Теріні арнайы косметологиялық қасықша көмегімен терең тазарту процедурасы, комедон, безеу орындарына басу жолы арқылы тазарту жолымен жүргізіледі. Егер тері өте нашар күйде болса, бұл тазарту процедурасы ауыртатын әсерге ие. Бекіту мақсатында қуыстарды сақтауға арналған және нәтижені бекітуге арналған соңғы күтім.
Дарсонвалмен емдеу

Теріні токтардың көмегімен сауықтыру процедурасы, емдеудің бұл түрінің нәтижесінде тері неғұрлым жасарып, жарқырап, тартылады. Микротоктар теріге әсер етеді, нәтижесінде қан айналымы жақсарады, зат алмасу процестері жақсарады, ісіктер мен қабыну процесстері басылады.
Қызыл теңіз маржантастары негізіндегі өсімдік пилингі

Химиялық пилингке альтернатива — ол Қызыл теңіз маржандары негізіндегі пилинг. Бұл пилингтің құрамына В және С дәрумендеріне бай маржан түйіршіктері, Өлі теңіз тұзы, бразилиялық шөптер, эфир майы кіреді. Пилингтің мұндай түрі қартаю белгілерінен, терінің салбырауынан, акне, пигменттену, созылулардан құтылуға көмектеседі. Бет түсін жақсартады және теріге иілгіштік қасиет береді.
Терінің аса күрделі проблемаларына арналған пилинг

Назар аударыңыз! Пилингтің бұл түрі тек күз мезгілінде ғана жасалады! Проблемалық теріні терең тазартуға арналған химиялық пилинг. Пилингтің бұл түрінің құрамы солу, жас ерекшелігіне байланысты пигменттену, безеу сияқты тері проблемаларын шешу үшін арнайы жасалған.
Бет массажы
Жасару және тонус

Қан айналымы мен зат алмасуын жақсартатын теріге тиімді әсер ететін массаж, оның нәтижесінде клеткалар «оянып», терінің жасаруы мен тонусы үшін коллаген бөле бастайды.
Жасартатын пластикалық массаж

Теріні жасартып, оған жақсы түс пен жылтырау беретін тамаша тәсіл. Іс-әрекеттер кешені қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған, нәтижесінде тері жазылып, неғұрлым иілгіш болады. Соңғы күтім нәтижені бекітуге көмек береді. Массажды үнемі қолдану ұзақ уақытқа жететін тамаша жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Маймен жасалатын классикалық қол массажы

Беттің массажы жеткілікті танымал процедура, себебі, теріге жасалатын дұрыс массаж қозғалыстары көптеген проблемаларды, біріншіден – қартаю белгілерін, мимикалық әжімдерді, терінің босауы белгілерін шешуге көмектеседі. Массаждың бірінші сеансынан кейін тері неғұрлым тегіс, тартылған болады, бет терісінің түсі жақсарады.
Қол массажы + маска

Қол массажы инъекциясыз сұлулық пен жастықты жақсы сақтаудың тәсілі, кәсіби косметолог теріні жазатын, ісулер мен терінің салбырауымен күресетін өзінің әдістері мен әрекеттерін жасап шығарады. Маска процедураны аяқтап, нәтижені бекітеді.
Вакуумды массаж

Аталған массаж түрінің тиімділігі пайда болған микрожарақаттарға байланысты жасалады, организм жарақатты емдеуді бастайды. Мұндай массаждың әсері тонус жақсарады, терінің ішкі қабаттарының регенерациясы және олардың жұмысының жақсаруы.
Ультрадыбыстық массаж

Массаждың бұл түрі ультрадыбыстың терінің проблемалық бөліктеріне әсер етуге негізделген. Осының нәтижесінде тері тартылады, ағарады, әжімдер мен көз асты қаптары жойылады, қан айналымы жақсарады. Массажды үнемі алу нәтижені бекітіп, терінің жағдайын сыртынан да, ішінен де жақсартуға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат алу немесе процедураға жазылу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 (ішкі 734) немесе +7 (702) 714 30 44.
«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.