1. Arasan Wellness & SPA монша кешеніне келген қонақ барлық бөлмелерде тазалықты, оның ішінде жалпы және жеке тазалықты сақтауы керек.

2. Ішімдік ішкен, есірткі және токсикологиялық күйде қауіп-қатері аса жоғары аймақтарда (жуынатын бөлімшелер, шабыну бөлмесі, бассейн) болуға рұқсат етілмейді. Келушілерде ішімдік (бас жазатын синдром) және есірткі, токсикологиялық масаю, сондай-ақ, ішімдіктен масаю салдары (бас жазатын синдром) күмән туғызған кезде қауіпсіздік қызметкерлері аталмыш адамдарды кешеннің сыртына шығару немесе құқық қорғау органдарының қызметкерін шақыру шарасын қолдана алады.

3. Барлардан басқа, арнайы орындардан тыс жерлерде тағамды және ішімдік сусындарын қолдануға рұқсат етілмейді.

4. Барлық бөлмелерде темекі шегуге болмайды. Арнайы жерде ғана шылым шегуге болады.

5. Монша кешенінің қызметкерлері ғана бөлмелердегі температуралық тәртіпті белгілейді.

6. Келушілер монша кешенінің персоналына қатысты сыпайылық танытуы тиіс.

7. Arasan Wellness & SPA кешеніндегі жүріс-тұрыс ережелерін, қоғамдық тәртіпті, кешеннің қызметкерлеріне дөрекілік көрсеткені, кешен мүлкін жойғаны немесе бұзғаны, қауіп-қатері аса жоғары аймақтарда (жуыну бөлімшесі, шабыну бөлмесі, бассейн) қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік немесе қауіпсіздік қызметкерлері ереже бұзған адамға ескерту жасауға немесе оның монша кешеніне төлеген ақысын қайтармай, кешеннің сыртына шығарып тастауға толық құқылы.

8. Моншаға кірер алдында емдейтін дәрігермен денсаулығыңыз жайлы кеңес алуды сұраймыз.

9. Кешен аумағында балалардың қауіпсіздігіне толық жауап беретін ата-аналармен бірге 4 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балалар Arasan Wellness & SPA кешеніне кіре алады.

10. 4 жасқа толмаған балалар кешеннің аумағына кіре алмайды.

11. Баланың жынысына байланысты ата-ананың біреуімен бірге міндетті түрде кіру талабымен балалар (4 жастан бастап) монша кешенінің әйелдер немесе ерлер бөлімшесіне кіре алады.

12. Монша кешені жабылу уақытын 22:40 жұмыс уақыты екенін ескеріп, келесі талаптармен кіру билеттерді сатылады:
• Қонақтар монша кешенінде 3 сағат демалу билетін 19:20-ға дейін сатып ала алады;
• Қонақтар монша кешенінде 2 сағат демалу билетін 20:20-ға дейін сатып ала алады;
• Қонақтар монша кешенінде 1 сағат демалу билетін 21:20-ға дейін сатып ала алады.

13. Киімге арналған жеке шкафыңыздың электронды құлпы бұзылған жағдайда ғана берілген білезік ауыстырылады.

14. Төленген уақытыңыздан монша кешенінен кешігіп шыққан әр минут үшін жұмыс күндері 30 теңге көлемінде және демалыс күндері 40 теңге көлемінде ақы алынады.

15. Шығатын кассада кезек болған жағдайда, касса жанындағы қабырғада (оң жақта немесе сол жақта) орналасқан (оқитын) аппаратқа білезікті екі рет тигізу керек.

16. Монша кешенінде өз бетінше шаш бояуға, қырынуға және тырнақ алуға тыйым салынған. Осы ережені бұзған үшін тиісті шара қолданылады.

17. Жалға алынған аксессуарлармен аяқ-киім тазалауға болмайды.

18. Arasan Wellness & SPA кешенінде жалға алынған аксессуарларды бүлдірген немесе бұзған үшін тиісті жаза қолданылады.

19. Құлап кетпес үшін және жарақат алмас үшін «пантолеты» үлгісіндегі резеңке шәркей қолдану керек. Олардың жоғарғы жағы табан сүйек-бақайшақтар буындарының артқы жағын жабады.

20. Монша кешенінің шығыс бөлімшесінде тыныштық сақтаңыз.

21. Монша кешенінде орнатылған еден үсті таразысына аяқ-киіммен тұруға болмайды.

22 Монша кешенінде болған кезде ғана кешенге келушілер ақылы негізде Arasan Wellness & SPA кешенінің тұрағында жеке автокөлігін қоя алады.

23. Клиенттердің белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған жазатайым оқиғалар үшін Arasan Wellness & SPA кешенінің әкімшілігі жауап бермейді және осы ұсыныстар мен ережелерді ұстануды өтінеді.

Жеке заттарды сақтау ережелері

1. Arasan Wellness & SPA монша және сауықтыру кешеніне кірген кезде келуші гардеробта сырт киімін қалдырып, жеке заттар мен киімін киім шешетін бөлмедегі шкафта қалдыруы керек.

2. Бағалы заттар, оның ішінде ұялы телефондар мен ақшалар монша және сауықтыру кешенінің 1-ші қабатының ресепшн аумағында орналасқан сақтау камерасына тапсырылуы тиіс. Сақтау бойынша қызметтер тегін, депозит негізде ұсынылады, 500 тг сомасы шығу кассасында кілтті тапсырғаннан кейін қонаққа қайтарылады.

3. Келушінің сақтау камерасынан тыс жерде (киім шешетін орындардағы шкафтарда және т.б. қараусыз қалдырылған жерлерде) заттар мен бағалы заттардың бүлінгені, жоғалғаны, жетіспегені үшін Arasan Wellness & SPA кешені жауап бермейді.

4. Arasan Wellness & SPA кешені ғимарат жанында немесе монша және сауықтыру кешені маңындағы тұрақта қалдырылған автокөліктің сақтығы үшін жауап бермейді.

Киім шешетін орындарды және душ бөлмелерін, жуынатын бөлімшелерді пайдалану ережелері

1. Шкафтарда, орындықтарда қалдық қалдырмаңыз.

2. Заттарыңызды қараусыз ашық шкафтарда қалдырмаңыз.

3. Монша аксессуарларын (төсек жаймасын, монша халаттарын, орамалдарды, резеңке шәркейлерді) орынсыз қолданбаңыз.

4. Бөлмелерде (киім шешетін орын, жуынатын бөлімше, душ, массаж кабинеттері, шабыну бөлмелері, бассейн) төсек жаймасын еденге төсеуге болмайды.

5. Заттарыңызды ұмытпаңыздар.

6. Arasan Wellness & SPA монша және сауықтыру кешенінің мүлкін ғимараттан шығаруға болмайды.

БөлмелерСу температурасыАуа температурасыСалыстырмалы ылғалдық
Бассейн24-26Су температурасынан 1-2 жоғарыЕң көбі 60%
Жуынатын-душ бөлмелері25Норма белгіленбеген, ең көбі 70%-ға кеңес беріледі
Киім шешетін орындар25Норма белгіленбеген, ең көбі 60%-ға кеңес беріледі
Массаж бөлмелері22Норма белгіленбеген, ең көбі 70%-ға кеңес беріледі
Орыс шабыну бөлмесі80-100Ең көбі 80%
Фин шабыну бөлмесі100-110Ең көбі 15%
Шығыс шабыну бөлмесі45-5060%-дан кем емес

Массаж залында қызметтерді пайдалану ережелері

1. Келушіде массажға қатысты келесі жалпы қарсы көрсетімдер болған кезде массаж қызметтері көрсетілмейді:
• Терінің, ішкі органдардың қатты әрі созылмалы аурулары, ашық жара және жарақаттардың болуы, аллергиялық реакциялар;
• Лимфатикалық тамырлар мен буындардың ісінуі;
• Белсенді күйдегі туберкулез процесі;
• Инфекциялық аурулар;
• Жүктілік.

2. Монша және сауықтыру кешенінде қызметтерді пайдаланудың осы ережесін бұзатын келушілер демалыс мерзімі аяқталғанға дейін оларды пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Шабыну бөлмелерін пайдалану ережелері

1. Шабыну бөлмесіне кірмес бұрын дәрігерден қарсы көрсетімдердің бар-жоқтығына қатысты кеңес алу керек.

2. Шабыну бөлмесіне кірер алдында жылы душ қабылдаған жөн. Содан кейін кебініп, басты сулаудың қажеті жоқ.

3. Шабынау бөлмесіндегі орындықтар әртүрлі биіктікте орналасқан. Өзіңізге ыңғайлы ауа температурасы бар биіктіктегі орынды пайдаланыңыз.

4. Денсаулығыңыздың жағдайы мен мүмкіндіктеріне сәйкес шабыну бөлмесінде болу ұзақтығы жеке таңдап алынады.

5. Шабыну бөлмесіне кірген кезде бас тамырлары қызып кетпес үшін арнайы бас киім киген жөн.

6. Ыстық пештен сақтаныңыз.

7. Қызғаннан кейін біртіндеп салқындап алған жөн: жылы-салқын душ қабылдап, салқын бассейнге түсіп алу керек.

8. Денсаулық үшін температураның күрт өзгеруі қауіпті. Шабыну бөлмесінен кейін дененің қалыпты температурасы мен қан қысымы реттелгенше қатты ыстық немесе суық душ қабылдамаңыз.

9. Орыс шабыну бөлмесінде пеш жабдығы бұзылмас үшін пешке өз бетінше су шашуға болмайды. Булаушы ғана пешке су шаша алады. Осы ережені бұзған үшін тиісті жаза қолданылады.

10. Фин шабыну бөлмесіне резеңке шәркеймен кіруге болмайды. Шәркейді шабыну бөлмесінің кіреберісінде қалдырып кетіңіз.

11. Фин парильнасының электрокаминына эфир майлары мен басқа да иіс майларын құюға тыйым салынады, сонымен қатар іш киімдерді кептіруге тыйым салынады.

12. Шабыну бөлмелерінде скрабтарды, маскаларды және басқа да күтім жасау құралдарын қолдануға болмайды.

13. Түрік шабыну бөлмесіне монша сыпыртқыларымен кіруге болмайды. Орыс шабыну бөлмесінде монша сыпыртқыларын қолданыңыз.

14. Температура тәртібін бұзбас үшін қолдағы заттармен шабыну бөлмесінің есігінің жабылуына кедергі келтіруге болмайды. Ережені бұзған үшін тиісті жаза қолданылады.

15. Келесі жағдайда шабыну бөлмесіне келесі жағдайларда кіруге болмайды:
• қарқынды физикалық жаттығудан кейін 30 минут бойы;
• ас қабылдағаннан кейін 1,5-2 сағатқа жетпейтін уақыт ішінде;
• аш қарынға;
• ішімдік, есірткі және токсикологиялық масаю күйінде;
• іріңдеген және контагиозды аурулар кезінде;
• кез келген сырқаттану кезінде.

Шабыну бөлмесіне кірудің негізгі ережелері

ОРЫС ШАБЫНУ БӨЛМЕСІ

Тыйым салынады:

  1. Температура тәртібін бұзбас үшін шабыну бөлмесінің есігін ашық күйде қалдыруға
  2. Денеге күтім жасайтын құралдарды пайдалануға (бал, скраб, майлар және т.б.) тыйым салынады.
  3. Әр 30 минут сайын бөлмені тазалауға кедергі келтіруге.
  4. Дененің қызып кетуіне.
  5. Қатты асқынған ауру кезінде жылы процедуралар қабылдауға.
  6. Өз бетінше бу беруге (булаушы буды өзі береді).
  7. Бу берген кезде бөлменің ішінде болуға.
  8. Сабын құралдарын пайдалануға және шабыну бөлмесінде жуынуға.
  9. Бас киімсіз жылы процедураларды қабылдауға.
  10. Шабыну бөлмесіне тамақпен және сусындармен кіруге.
  11. Су құйылған тегенемен кіруге.
  12. Резеңке шәркейінсіз кіруге болмайды/ Резеңке -шәркейді шешіңіз.

Келесі әрекеттер жасамаған жөн:

  1. Шабыну бөлмесіне әшекейлермен, сағатпен, көзілдірікпен кірмеген жөн.
  2. Шабыну бөлмесіне шомылу киімін / шомылу шолақ шалбарын кимеген дұрыс. Бұл тердің қалыпты шығуына кедергі келтіреді.

Ұсыныстар:

1. Душқа түсіп, орамалмен сүртініп, содан кейін шабыну бөлмесіне кіру керек.

2. Бірінші рет кіргенде 4-5 минутқа қызу үшін кіріп, содан кейін салқын душ қабылдап, 15-20 минут демалу керек.
3. Жақсылап терлегеннен кейін шабыну бөлмесінен шығып, 5-10 минут демалу қажет.

4. Шабыну бөлмесіне кіріп-шыққан кезде салқын душ қабылдауға болады.

5. Шабыну бөлмесіне екінші рет кіргенде сыпыртқымен ысынуға болады.
6. Қолданар алдында сыпыртқыны әзірлеу керек. Ең дұрысы, қызметкерлермен (булаушылармен) кеңескен жөн.

7. Соңғы рет кірген кезде 5 минуттан аспайтын уақыт ішінде сыпыртқымен ысынып алыңыз.

8. Шабыну бөлмесіне кіру саны адамның көңіл-күйіне байланысты.
9. Ең дұрысы, ұзақтығы 10 минуттан үш рет кіріп, тура сонша уақыт үзіліс жасаған дұрыс.
10. Моншадан кейін квас, минералды су, шырын немесе ыстық шай ішіп, жоғалтқан суды қалпына келтіру керек.
11. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін сақтау керек.

ФИН ШАБЫНУ БӨЛМЕСІ

Тыйым салынады:

1. Температура тәртібін бұзбас үшін шабыну бөлмесінің есігін ашық күйде қалдыруға

2. Фин шабыну бөлмесінің электр каминіне эфир майларын және басқа да хош иісті сұйықтықтарды құюға.
3. Шабыну бөлмесінде сыпыртқыны пайдалануға.
4. Денеге күтім жасайтын құралдарды пайдалануға (бал, скраб, майлар және т.б.).
5. Әр 30 минут сайын бөлмені тазалауға кедергі келтіруге.
6. Дененің қызып кетуіне.
7. Қатты асқынған ауру кезінде жылы процедуралар қабылдауға.
8. Сабын құралдарын пайдалануға және шабыну бөлмесінде жуынуға.
9. Бас киімсіз жылы процедураларды қабылдауға.
10. Шабыну бөлмесіне тамақпен және сусындармен кіруге.
11. Су құйылған тегенемен кіруге.
12. Резеңке шәркейінсіз кіруге
13. Іш киімді кептіруге болмайды.
Келесі әрекеттер жасамаған жөн:

1. Шабыну бөлмесіне әшекейлермен, сағатпен, көзілдірікпен кірмеген жөн.
2. Шабыну бөлмесіне шомылу киімін / шомылу шолақ шалбарын кимеген дұрыс. Бұл тердің қалыпты шығуына кедергі келтіреді.

3. Аяқты төмен салбыратып, басты төбеге көтеріп қойып жоғары сөреде отырмаған жөн.

Ұсыныстар

1. Душқа түсіп, орамалмен сүртініп, содан кейін шабыну бөлмесіне кіру керек.

2. Құрғақ матаға оранып сөреде жатыңыз.
3. Бірінші рет кіргенде 4-5 минутқа қызу үшін кіріп, содан кейін салқын душ қабылдап, 15-20 минут демалу керек.
4. Екінші рет және одан кейін кіргенде 10-15 минутқа кіріп, содан кейін салқын душ қабылдап, үзілісті ең кемі 15-20 минут жасау керек.
5. Шабыну бөлмесінде мұрынмен ғана демалу керек. Себебі, оның ішіндегі ауа өте ыстық әрі құрғақ. Мұндай жағдайда, мұрын жолдары өткен ауа салқындатылып, ылғалданады.
6. Моншадан кейін квас, минералды су, шырын немесе ыстық шай ішіп, жоғалтқан суды қалпына келтіру керек.
7. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін сақтау керек.

ШЫҒЫС ШАБЫНУ БӨЛМЕСІ (ХАММАМ)

Тыйым салынады:

  1. Температура тәртібін бұзбас үшін шабыну бөлмесінің есігін ашық күйде қалдыруға
  2. Денеге күтім жасайтын құралдарды пайдалануға (бал, скраб, майлар және т.б.).
  3. Әр 30 минут сайын бөлмені тазалауға кедергі келтіруге.
  4. Дененің қызып кетуіне.
  5. Қатты асқынған ауру кезінде жылы процедуралар қабылдауға.
  6. Сыпыртқы пайдалануға.
  7. Сабын құралдарын пайдалануға және шабыну бөлмесінде жуынуға.
  8. Бас киімсіз жылы процедураларды қабылдауға.
  9. Шабыну бөлмесіне тамақпен және сусындармен кіруге.
  10. Су құйылған тегенемен кіруге.
  11. Резеңке шәркейінсіз кіруге болмайды.

Келесі әрекеттер жасамаған жөн:

 

  1. Шабыну бөлмесіне әшекейлермен, сағатпен, көзілдірікпен кірмеген жөн.
  2. Тердің қалыпты шығуына кедергі келтіретіндіктен, шабыну бөлмесіне шомылу киімін / шомылу шолақ шалбарын кимеген жөн.

 

Ұсыныстар:

  1. Шығыс шабыну бөлмесіне кірер алдында жылы душ қабылдау керек.
  2. Шығыс моншасына кірер алдында, ең алдымен шабыну бөлмесіне кіріп, қыздырынып, отырған немесе ішпен жатқан күйде қыздырыну керек.
  3. Буланғаннан кейін бассейнге шомылу керек.
  4. Дене жақсылап қызған кезде жаймаға оранып, орталық суфеге жатып демалу керек.
  5. Моншадан кейін квас, минералды су, шырын немесе ыстық шай ішіп, жоғалтқан суды қалпына келтіру керек.
  6. Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін сақтау керек.

Бассейнді пайдалану ережелері

1. Бассейнге түсер алдында сабымен және ысқышпен душ қабылдау керек.

2. Өте абай болыңыз. Жуынатып бөлімшелер, душ, шабыну бөлмелері, баспалдақтар және бассейн маңайы өте тайғанақ болуы мүмкін. Тұтқадан ұстап, резеңке шәркей киюді өтінеміз.

3. Бассейнге бір реттік іш киіммен немесе киімсіз түсуге рұқсат етіледі. Бір реттік бас киімді міндетті түрде пайдалану керек. Іш киіммен, спорттық шолақ шалбармен және плавкимен түсуге болмайды.

4. Бассейндерге арналған ережелер мен нормаларға сәйкес бассейндердегі су өңделеді. Егер судың жағдайы келушілердің жеке тазалық ережелерімен сақталмау салдарынан қысқа мерзімге бұзылса, кешен жауап бермейді.

5. Абсолюттік қарсы көрсетімдер:
• түрлі локациядағы қатерсіз және қатерлі ісіктер, остеомиелиттер, трофиялық жаралар, перифериялық буындардың атеросклерозы, ми тамырлары артериосклерозбен үйлескен, церебральды қатты кезімен жалғасты;
• тамыр, қолқа, жүрек аневризмдері, тробоздар, тромбофлебиттер, үшінші деңгейдегі қан айналымы жетіспеушілігі, декомпенсация кезінде жүрек клапандарының ақауы, кенеттен пайда болатын миокард қатты ишемиясы;

• тромбоздарға және қан құйылуға бейім ми тамырларының склерозы, тіннің ыдырауы кезінде бронхоэктатикалық ауру, үшінші дәрежелі өкпе және жүрек жетіспеушілігі, қатты жүрек және тамыр жетіспеушілігі, өкпе ісігі, өкпен және бауыр жетіспеушілігі, туберкулездің белсенді формалары, соз аурулары, аса қатты қозу және психикасы өзгерген психикалық аурулары.

6. Уақытша қарсы көрсетімдер:

• тері, тырнақ, бастың шаш бөлігінің инфекциялық, теміреткі және анықталмаған этиологияның түрлі аурулары, түрлі тері бөртпелері, ісінген зақымдаулар, іріңдеу процестері, лимфалық буындардың ісінуі, қан құйылуы, қан ағу (мұрын, ішек жолдары, жатыр), аллергиялық аурулар, дененің жоғары температурасы, қатты ісіну процестері, гипертониялық немесе гипотониялық криздер, лоқсу, құсу, екі-бес күн бойы респираторлы аурулар, түрлі аурулар мен жарақат кезінде жалпы ауыр жағдайлар.

7. Локалды қарсы көрсетімдер:

• сүйел, зақымдаулар, терінің тітіркенуі, жаралар мен жарықтар, нейродермиттер, экземалар, лимфалық буындардың бородавки, повреждения, түйіндердің үлкеюі және ауруы, трофиялық бұзылыстары бар тамырлардың біршама кеңеюі, мастопатия;
• бел аймағы және қарын – анабез жылауығы, эндометрит, ішті сипаған кезде ауруы (түрлі ауру кезінде), жарамен байланысты қан аққаннан кейін, әйелдердің жыныстық саласы аурулармен немесе жарақатпен туындайтын қанның ағуына бейім құрсақ қуысы органдарының аурулары, етеккір, жүктілік. Әйелдерде босанғаннан кейін екі ай.

Arasan Wellness & SPA кешенінің әкімшілігі клиенттердің қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан орын алған жазатайым оқиғалары үшін жауап бермейді және осы ұсыныстар мен ережелерді ұстануды өтінеді.

Жақсы демалыңыздар!