
Әйелдерге арналған құрама моншалар:
Замануи әйел үшін монша – ол құрбыларымен араласатын, жақсы уақыт өткізетін және көңіл-күйді көтеретін орын. Мұндай демалыс проблемаларды ұмытып, босаңсып және оң эмоциялар алуға көмектеседі. Arasan Wellness & SPA монша-сауықтыру кешенінің әйелдерге арналған бөлімінде шаршағанды басып, көңіл-күйін жақсартып, күшіңізді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осының арқасында біздің клиенттеріміздің денсаулықтары, өмірге деген құлшыныстары жақсарып, сұлулана түседі.
Әйелдер бөлімі өздерінің қонақтарына толыққанды демалыстың бірнеше нұсқаларын ұсынатындығын ескерту керек:
- мықты ылғалды буымен танымал орыс шабыну бөлмесі. Бұл жерде нағыз моншалық сыпыртқымен буланып, денеңізді сауықтырып, жандүниеңізді тепе-теңдікке әкелуге мүмкіндік бар;
- өзінің келушілерінің ыстық құрғақ ауамен көңілін табатын фин шабыну бөлмесі;
- шығыс шабыну бөлмесі, хаммам немесе түрік моншасы. Бұл жерде нәзік бу бүркеп алады.
Бұдан басқа, әйелдер бөлімінде сумен толтырылған күбілермен жабдықталған душ бөлмелері бар. Сонымен қатар, бу бөлмелерінің жанында бассейн орналасқан. Контрастілі температураны жақсы көретіндер біздің өз ұңғымамыздан толтырылған таза салқын суға түсу мүмкіндігін бағалайды. Мұндай процедуралар азт алмасуын жылдамдатып, терінің жағдайын жақсартып, көңіл-күйіңізді жақсартатынын ескерту қажет.
Сонымен қатар, Arasan Wellness & SPA булаушылардың қызметін ұсынады. Булаушы қыздар монша сыпыртқыларымен жұмыс жасаудың көптеген техникаларын меңгерген. Осының арқасында Сіз демалысыңызға көңіліңіз толып, нағыз рахатқа бөленесіз.
Сыпыртқыларды Сіз үйіңізден әкелуіңізге немесе монша-сауықтыру кешенінің аумағында сатып алуыңызға болады. Boutique & Care-да моншаға қажетті әртүрлі керек-жарақтарды ала аласыз.
Ғимарат | Ауаның температурасы, oC | Салыстырмалы ылғалдылық, % |
Орыс шабыну бөлмесі | 80-100 | 80%-дан кем емес |
Фин шабыну бөлмесі | 100-110 | ең көбі 15% |
Шығыс шабыну бөлмесі | 45-50 | 80%-дан кем емес |
ҚОСЫМША АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН НЕМЕСЕ ПРОЦЕДУРАҒА ЖАЗЫЛУ ҮШІН КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАР БОЙЫНША ХАБАРЛАСЫҢЫЗ: +7 (727) 390 10 10 НЕМЕСЕ +7 (702) 390 10 10



Қосымша ақпарат алу үшін немесе процедураларға жазылу үшін келесі телефондармен хабарласыңыз: +7 (727) 390 10 10 немесе +7 (702) 390 10 10.
«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.