Ерлерге арналған құрама моншалар:
нағыз ерлерге арналған үздік демалыс!

Ерлер үшін жақсылап демалып, рақаттанудың тәсілі – ол біздің монша-сауықтыру кешенінің ерлерге арналған бөліміне бару. Біз өз клиенттерімізге сапалы уақыт өткізудің келесі нұсқаларын ұсынамыз:

  • ылғалды, ыстық бумен ерекшеленетін орыс шабыну бөлмесі. Бұл жерде жанңыз демалып, денеңізді жақсылап булауға болады. Мұндай моншаның ерекше сипаты қайың, жөке және тағы басқа ағаш түрлерінен жасалған сыпыртқыны пайдалану болып табылады;
  • өзінің келушілерінің ыстық құрғақ ауамен көңілін табатын фин шабыну бөлмесі;
  • шығыс шабыну бөлмесі, хаммам немесе түрік моншасы. Бұл жерде нәзік бу бүркеп алады.

Монша кешенінің ерлер бөлімі – ол кең шабынуға арналған бөлмелер мен салқын суы бар бассейннің үйлесімі. Контрастілік температураның шынайы бағалаушылары суық сумен толтырылған арнайы күбілерді қолдана алады. Олар душ бөлмелерінде шабыну бөлмесінің жанында орналасқан. Температуралық контраст теріге жақсы әсер етеді және зат алмасу процесін жылдамдатады, сонымен қатар көңіл-күйіңізді де жақсартады.

Монша-сауықтыру кешенінің келушілеріне булаушылардың қызметі де ұсынылады. Мастерлер клиенттерге нағыз рақат ұмытылмас сәттер сыйлай отырып, монша сыпыртқыларымен іскерлікпен жұмыс жасайды. Сыпыртқыларды Arasan Wellness & SPA аумағынан арзан бағада сатып алуға болады, немесе өзіңізбен бірге әкелсеңіз де болады. Біз әртүрлі монша крек-жарақтарының жеткілікті кең таңдауын ұсынамыз.

Сонымен қатар ерлер бөлімінде қонақтарға арналған VIP-бөлмелер бар. Бұл жерде достарыңызбен араласып, дәмді тағамдар жеп, сусындар ішіп, жайлы және ыңғайлы жағдайда демаласыз.

ҒимаратАуаның температурасы, oCСалыстырмалы ылғалдылық, %
Орыс шабыну бөлмесі80-10080%-дан кем емес
Фин шабыну бөлмесі100-110ең көбі 15%
Шығыс шабыну бөлмесі45-5080%-дан кем емес

Arasan Wellness & SPA монша кешені
— ол мықты денсаулық, толыққанды демалыс, жаныңыз бен денеңізге пайдасы бар жағымды уақыт өткізу!

Қосымша ақпарат алу үшін немесе процедураларға жазылу үшін келесі телефондармен хабарласыңыз: +7 (727) 390 10 10 немесе +7 (702) 390 10 10.

«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.