Сізді Arasan Wellness & SPA монша және сауықтыру кешенімізде көруге қуаныштымыз!

«Арасан» сөзі қазақ тілінен аударғанда «жылы бұлақ» деп аударылады. Кешеніміз – жастықтың, әдемілік пен денсаулықтың шексіз бұлағы. Қазіргі таңда Arasan Wellness & SPA – бұл күншуаққа толы Алматы қаласының танымал көрнекі орны ғана емес. Жұмыс істеу барысында кешен шығыстың дәстүрі мен жоғары технологияларды үйлестірген, тұрмысқа жайла шипажайға айналды.

Демалып, шынайы ләззат алу үшін сізге қала сыртындағы жақсы шипажайға уақытыңыз бен ақшаңызды жұмсаудың қажеті жоқ. Жайлы демалыс пен жақсы көңіл-күйге қажетті барлық дүние Отанымыздың оңтүстік астанасының қақ ортасында орналасқан.

Arasan Wellness & SPA-да:

  • Монша кешені— орыс, фин және түрік моншасының ежелгі дәстүрі, жаңа жабдық, кәсіби булаушылар, косметикалық және әлсірететін процедуралардың кең таңдауы;
  • Монша luxe нөмірлері— отбасыңызбан демалуға, сондай-ақ, достық кездесулер немесе корпоративтер өткізуге арналған аймақтар. Қызметкерлеріміз өзіңіздің күш-қуатыңыздың артуын, шабыттануыңызды сезініп, жақсы уақыт өткізуіңізге көңіл бөледі;
  • Сауықтыру Spa салоны екі бөлімшені қамтиды:
  1. Wellness & SPA (су емханасы) — әдемілігіңіз бен денсаулығыңызға арналған жиырмадан астам су және сауықтыру процедуралары. Тәжірибелі ұқыпты персонал, ең жаңа жабдық, қызметтерге жеңілдіктер, демалуға және көңіл-күйіңді жақсартуға арналған барлық жағдайлар.
  2. Detox & SPA (массаж SPA салоны) –бірегей процедуралар, тазару, жасару, физикалық және эмоционалды балансты қалпына келтіруге арналған экзотикалық және сегментарлы массаждар, сондай-ақ, табиғи косметикалық өнімдерді қолданатын кешенді SPA бағдарламалары.
  • Arasan Fitness— Technogym премиум класындағы (Италия өндірісі) спорт жабдығы бар жаттығу залы, кәсіби жаттықтырушылар, тиімді топтық бағдарламалар. Керемет физикалық формада болуға қажетті барлық нәрселер;
  • Beauty Studio— демалу мен сыртқы келбетіңе күтім жасаудың ерекше мүмкіндігі. Қонақтарға косметологтардың, шаштараздың, массаж жасаушылардың, тырнақ жасау шеберлерінің қызметтері ұсынылады;
  • Lobby & Rest Bar— Arasan Wellness & SPA аумағында люкс класындағы бес қоғамдық тамақтану орны бар, кешеннің маржаны – жайлы лобби-бар қонақтарға ең дәмді әрі талғампаз тағамдар ұсынады. Ас мәзірімізде сіз қалаған дүниелер міндетті түрде табылады, ал оның салтанатты ішкі көрінісі (интерьері) достық сұхбаттасуға шақырып, керемет демалыс сыйлайды.
  • Boutique & Care— Алматыдағы күтім жасайтын органикалық косметиканың, сондай-ақ, монша керек-жарақтарының ірі дүкені. Арнайы сіз үшін: делдалсыз озық әлемдік өндірушілердің тауарларын жеткізу, жеке кеңес беру және көңілге қонымды бағалар бар.

Біз мақтан тұтатын ғимарат!

Кешеніміз республикалық маңызы бар ерекше сәулет ескерткіші саналатын және мемлекеттің қорғауындағы ғимаратта орналасқан. 1979-1982 жылдары кешен салынып, пайда болған алғашқы жылдары Қазақстанның оңтүстік астанасының ерекше көрнекі орны мәртебесіне ие болды. Arasan Wellness & SPA зәулім ғимараты елімізге келген қонақтардың жүректерін бірден жаулап алады. 2016 жылы Arasan Wellness & SPA кешенінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Біз кешеніміздің функционалды сапасын жетілдіріп, оның шығыс бейнесін және қайталанбас келбетін сақтап қалғанымызды мақтан тұтамыз. Себебі, бұл жобаға әлемнің ең жақсы сәулетшілері атсалысты.

Қазіргі кезде Arasan Wellness & SPA монша және сауықтыру кешені — ХХ және ХХІ ғасырлардағы керемет ішкі көрініс пен инженерлік ойдың үйлесімі. Кешеннің қайталанбас құпиясы жеке технологиялар мен шығыс сәулетінің ерекшелігін біріктіруден тұрады. Arasan Wellness & SPA ішкі жабдығы мәрмәр мен таңғажайып әдемілігімен, керемет энергетикасымен және бактерияға қарсы қасиеттерімен танымал материалдардан – басқа да табиғи тастардан жасалған.

Біз сауықтыру мен күш-қуатымызды қалпына келтіруге арналған тамаша жағдайлар ұсынып, қазіргі заман талабына сай дамып келеміз.

  • Эксклюзивті кешенді бағдарламалар;
  • Жасару мен денсаулыққа арналған инновациялық технологиялар мен қызметтер.

Кешеніміз – бұл:

  • жоғары тарихи құндылығы бар ғимарат;
  • бөлімшелердің салтанатты ішкі көріністері;
  • люкс класындағы заманауи жабдық;
  • ерекше тазалық (тазалық күнде-күнде жасалады);
  • ең үздік мамандардың жоғары сапалы сервисі.

Монша кешенінің қонақтары

 

Arasan Wellness & SPA монша және сауықтыру кешені Сізді демалыс пен керемет көңіл-күй әлеміне шақырады. Бізде бір рет болғаннан кейін, Сіз міндетті түрде тағы келесіз. Біздің клиенттеріміз – әртүрлі жастағы және әлеуметтік жағдайдағы адамдар. Олардың көбісі кешеніміздің ашылған күнінен бастап қызметтерімізді пайдаланады. Бұл барлық адамдарға шын ниетімізбен ұсынатын қызметтеріміздің жоғары сапасы мен маңыздылығын растайды.

Қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ, көп шетелдік саяхатшылар сауықтыру кешеніміздің жиі келетін қонақтары екенін атап өткен жөн. Осы адамдардың барлығы сервисіміз бен шығыс қонақжайлығымызды керемет бағалайды.

Корпоративті стильдегі демалыс

 

Әріптестеріміз болатын түрлі қазақстандық компаниялар Arasan Wellness & SPA кешенінде корпоративті демалысты жиі ұйымдастырады. Мұндай шаралар адамдарды жақындастырып, олардың ішкі жан дүниесін жақсартып, керемет көңіл-күй сыйлайды. Сонымен бірге, мұндай демалыс компания қызметкерлерінің жұмысын үйлесімді, нәтижелі әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.

Мекеме персоналы

 

Компаниямыздың қызметкерлері – бұл сертификатталған, сауатты мамандар. Олардың барлығы біліктіліктерін арттырып, өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Осының арқасында біз келішулермен сапалы әрі жауапты жұмыс істеп, қонақтарға шынайы махаббатымызды, жылы сезіміміз бен қамқорлығымызды сыйлаймыз. Монша және сауықтыру кешеніміздің басты міндеті – әрбір клиентке қамқор болу. Сондықтан, біз қызметкердің лауазымы мен жұмыс істеу дәрежесіне қарамастан, персоналды мұқият таңдаймыз. Осының нәтижесінде біз келушілерге өз ісінің ең үздік шеберлері ұсынатын жоғары сапалы қызметтер ұсынамыз!

Жасаған таңдауыңыз дұрыс болуы тиіс

 

Бүгіннен бастап Arasan Wellness & SPA кешенін пайдалануды ұсынамыз. Сауықтыру және тынығу процедураларының оң әсерін сезініп, Сіз осы сезімді әрдайым есте сақтап, кешенімізге міндетті түрде қайта келіп, оның тұрақты келушісіне айналасыз. Біз Сізге қызмет көрсетуге, қуаныш, жылулық пен жайлылық сыйлауға қуаныштымыз. Кешеніміздің қызметтер тізімімен дәл қазір танысыңыз, келіңіз және ләззат алыңыз.

Тыныштық, үндестік және тазалық әлеміне қош келдіңіз!