
Марокколық SPA процедуралары
Демалыс, тынығу, тазару, жеңілдік, жасару сыйлайтын моншалардың әйелдер кешенінде салтанатты SPA қызметтері.
Мароккалық SPA-процедураларына кешенді бағдарламалар, пиллингтер, орау, массаждар, бет күтімі, шаш күтімі, қол мен аяқ күтімі кіреді. SPA-процедураларын жүргізу кезінде мамандар мароккалық органикалық косметиканы, емдік майларды, табиғи ингредиенттерді, премиум-класс инновациялық косметиканы пайдаланады.
Моншалардың әйелдер кешенінде тамаша мароккалық SPA — қызметтер тынығу, босаңсу, тазарту, жеңілдік, жасару сыйлайды.
SPA-процедураларына кешенді бағдарламалар, пиллинг, орау, массаж, бет / шаш / қол және аяқ күтімі кіреді. Емдеу және қартаюға қарсы қасиеттерімен танымал органикалық мароккалық косметиканың процедураларын, косметикасын және ең жақсы өндірушісін мұқият таңдау сізге монша мен мароккалық косметиканың пайдалы қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты қалада жалғыз орын жасауға мүмкіндік берді.
Мароккалық бөлімде әлемдегі ең сирек кездесетін және құнды майлардың бірі — Аргана майы немесе «Марокконың сұйық алтыны» қолданылады. Аргана майының құны трюфельдерге немесе қара уылдырыққа тең, өйткені 1 литр май алу үшін шамамен 100 кг Аргана ағашының (Темір ағашының) жемісі қажет. Ағаштың бұл түрі қорықтағы Марокконың тар жолағында ғана өседі. Аргана майының ерекше қасиеттеріне мыналар жатады: бірегей құрамы, Е дәрумені және қанықпаған май қышқылдары, күшті антиоксидант болып табылады, теріні алғашқы қолданғаннан кейін ылғалдандырады, нәзіктік пен барқыт сыйға тартады. Аргана майын массаж, бет, дене күтімінен жақсы әсер алу үшін қолданамыз.
Сондай-ақ, біздің шеберлер ежелгі дәуірден бастап қартаюмен күресуде мароккалық әйелдердің басты қаруы болған ерекше қасиеттері бар Гассул жанартау сазын пайдаланады. Гассул сазын дененің, беттің, шаштың терісіне қолдануға болады. Ол қатайтатын, сабынды, көбіктенетін, сіңіргіш қасиеттерге ие, теріні керемет тазартады және сергітеді. Марокко бөліміндегі Гассул сазы бет пен денеге күтім процедураларын жасау үшін қолданылады.
Қолдан жасалған тамаша Белди сабыны — жастық пен сұлулықты сақтаудың ерекше құралы. Сабынның құрамына аргана, карите майлары кіреді, олар теріні жайлы тазартады, нәрлендіреді, керілтпейді және құрғатпайды. Сабынды үнемі қолданған кезде тері мәпелі болады, реңі сау болып жарқырайды. Белди сабынының тазартқыш және сергітетін қасиеттері пиллингте, қол мен аяққа күтім жасауда тиімді қолданылады.
Мароккода табиғи вискозадан жасалған және пиллинг үшін қолданылатын Кесса биялайы теріні керемет тазартады, оны күтім құралдарын тиімді пайдалануға дайындайды. Кесса биялайын қолдану терінің микроциркуляциясын жақсартады, оны серпімді және жинақы етеді, үнемі қолданған кезде тері нәзік болады және керемет сау түске ие болады.
Мароккалық бөлімге бір-ақ рет барсаңыз, Сіз монша мен шығыстың жастық құпияларының ерекше үйлесімінің керемет әсері үшін қайта ораласыз!
КЕШЕНДІ SPA-БАҒДАРЛАМАЛАР
МАРОККО ҚАЗЫНАСЫ
Дене пилингіне арналған арнайы биялайы көмегімен тазартуға, нәрлендіруге, теріні ылғалдандыруға, босаңсу және өмірлік тонусты көтеру үшін массажға арналған процедуралар кешені. Бағдарлама соңында теріні ылғалдандыратын және оны пайдалы дәрумендер мен минералдармен нәрлендіретін жасартатын бет маскасы.
Мағриб ертегілері
Кешен үш процедурадан тұрады – пилинг, орау және массаж.
Бүкіл дененің пилингі салтанатты процедурасы теріге толық тазалық, жеңілдік және нәзіктік сезімін сыйлайды. Орау тазару кезеңін аяқтап, артық сантиметрлерден құтылуға көмектесіп, тері тегіс әрі серпімді етеді. Өз кезегінде массаж жан мен тәннің үндестігін сыйлап, тынықтырып, шаршағанды басады.
Марракештегі түн
Буланған дене мен тері әрдайым кез келген косметикалық процедураларды жақсы қабылдайды, саңылаулар ашық болып, пайдалы дәрумендер қосарланған күшпен сіңіріледі. Пилингке арналған қолғаппен өлі теріні тазартып, теріні қоректендіретін, ылғалдандыратын және тонус сыйлайтын пайдалы орауды әзірлейді.
Пилингтер
ТҰЗДЫ ПИЛЛИНГ + ЖУУ
Тұзды пиллинг процедурасы — теріні қабыршақтанған жасушалардан арылту ғана емес, сонымен қатар оны пайдалы дәрумендер мен минералдармен қанықтыру болып табылады. Тұзды пиллингтің негізі йод пен микроэлементтерге бай теңіз тұзын қолдану болып табылады. Жуу теріні тазартады, шаршауды кетіреді және сергектік сыйлайды.
Орау
Марокко күтімі (Фукус теңіз тұзы орамы)
Фукус сығындысы бар денеге арналған орама келесі оң қасиеттерге ие:
тиімді салмақ жоғалтуға ықпал етеді, теріні қатайтады және тегістейді, созылу белгілерінің пайда болуын азайтады және алдын алады, терінің тонусын және иммунитетін жақсартады, токсиндерді кетіреді, күшті қатайтатын және антиоксиданттық әсерге ие.
Шығыс шоколады
Шоколад А, РР, В1 және В2 дәрумендеріне, кофеинге, магнийге, кальцийге, темірге, натрийге, калийге бай, коллаген мен эластинді синтездейді, барлық осы қасиеттерінің арқасында ораудың ең танымал құралы болып саналады. Шоколадпен ораудың әсері – теріні жасарту, оны сергіту, қоректендіру және ылғалдандыру.
Массаждар
Бербер массажы
Бербер немесе мароккалық массаж — бұл жұмсақ, босаңсытатын әрекеттер, олар бірсарынды белсенді массажға айналады. Тынығуға көмектеседі, қан айналымын жақсартады. Массаждың бұл түрінде табиғи аргана майы қолданылады, оның көмегімен бүкіл дене, бет, қол, аяқ саусақтарының ұштарына дейін және табан уқаланады.
Арғаны аргана
майынмен уқалау
Жұмыс күнінің соңында арқа массажынан артық не болуы мүмкін? Арқа массажы — барлық түрлерінің ішіндегі фаворит, себебі дененің ең шаршаған жерлеріне әсер етіп, бойыңызды босаңсытып, шаршаңқылықты басуға көмектеседі. Массаждың осы түрін жүргізу кезінде аргана майы қолданылады, ол емдік және босаңсыту қасиеттерімен танымал.
Бетке арналған SPA күтімі
Марокко алтыны процедурасы
Органикалық аргана майы негізінде бетке массаж процедурасы. Жұмсақ массаж қозғалыстары қан ағымын қалпына келтіреді, метаболизм процестерін жақсартады, аргана майы теріні ылғалдандыруға, оны пайдалы дәрумендермен, минералдармен қанықтыруға көмектеседі. Бұл процедураның нәтижесі тегіс, тартылған тері, ылғалданған және барқыт болады.
SPA ШАШ КҮТІМІ
БЕРБЕРЛЕР ҚҰПИЯСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Бас терісі мен шашқа арналған маска
Бас терісіне арналған маска, оның рецепті денеге, теріге және шашқа ерекше көңіл бөлумен танымал берберлер кезінде ішінара жасалған. Бас терісін сауықтыратын, ылғалдандыратын және тазалық пен жеңілдік сезімін беретін күтім процедурасы.
Дененің / қолдар мен аяқтардың SPA күтімі:
ШЫҒЫС ПЕРИЗАТЫ
процедуралар кешені
Қол терісіне жасарудың, жарқыраудың және терінің денсаулығының жылдам нәтижесін беретін процедуралар кешені. Кешен «Белди» органикалық мароккалық сабынмен табандар мен қолдарды тазартудан, «Гассул» жаңартау сазымен жасартатын маскадан және табиғи аргана майымен массаждан тұрады.
Әйелдердің құрама моншасының қосымша қызметтері
Массаж жасаушының қызметтері
Жалпы массаж
Массаж барлығына, әсіресе отыру қалпында жұмыс жасайтындарға арналған. Массаждың бұл түрі босаңсуға көмектеседі, шаршау мен ауырсынуды жеңілдетеді. Массаж бүкіл денеге жасалады, дәл және өлшенген қозғалыстар қан ағымын тездетеді, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің жұмысын жақсартады, стрессті жеңілдетеді.
Пилинг
Пилинг
Қонақтың таңдауына қарай кофенің қою бөлігін немесе жүгері жармасын пайдаланып, «Кесса» қолғабымен денені скрабтеу. Мұндай пилинг теріні жақсы тазартып, өлі жасушаларды қабыршықтарын алып, жойып, саңылауларды ашады. Осындай тазарту арқылы тері тегістеліп, нәзік болып, күтім құралдарынң пайдалы компоненттерін жақсы сіңіреді.
Денеге күтім жасау қызметтері
«Тұзды» дене жеңіл пилинг
Денені «Кесса» қолғабымен және ұсақ теңіз тұзымен скрабтеу. Скрабтеудің мұндай түрі теріні тазартады, саңылауларды ашады, кейінгі күтім үшін дайындайды. Теңіз тұзы минералды заттармен және микроэлементтерге бай. Олар ашылған саңылаулар арқылы теріге еніп, оны қоректендіреді.
«ТҰЗДЫ» ДЕНЕГЕ ЖЕҢІЛ ПИЛИНГ + ЖУУ
Денені «Кесса» биялайымен және ұсақ теңіз тұзымен скрабтау. Скрабтаудың бұл түрі теріні тазартады, терідегі ұсақ тесіктерді ашады және одан әрі күтім жасауға дайындайды. Теңіз тұзы минералды заттар мен микроэлементтерге бай, олар терідегі ұсақ тесіктер арқылы теріге еніп, оны нәрлейді. Пиллинг процедурасының соңында дене мұқият жуылады.
БУМЕН ШАБЫНДЫРУШЫ ӘЙЕЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ
СЫПЫРТҚЫМЕН БУМЕН ШАБЫНДЫРУ
6 минут ішінде
Хош иісті сыпыртқымен бүкіл денені бумен қыздыру, кәсіби шабындырушы әйелдің белсенді әрекеттері босаңсуға және процедурадан рақаттылық алуға көмектеседі. Сыпыртқы жапырақтарынан алынған пайдалы заттар бумен шабынуда теріге ұсақ тесіктер арқылы еніп, ағзаға емдік әсер етеді.
АРҚАНЫ СЫПЫРТҚЫМЕН БУМЕН ШАБЫНДЫРУ
2 минут ішінде
Хош иісті сыпыртқымен арқаны бумен шабындыру, кәсіби шабындырушы әйелдің белсенді іс-қимылыт процедурадан рақаттылық алуға көмектеседі. Сыпыртқы жапырақтарынан алынған пайдалы заттар бумен шабынуда теріге ұсақ тесіктер арқылы еніп, ағзаға емдік әсер етеді.
МАНИКЮР ЖӘНЕ ПЕДИКЮР ШЕБЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
ТАБАНДАРДЫ СКРАБТАУ
Косметикалық крем-скрабтың көмегімен табандарды скрабтау. Табан терісін тазартуға, жұмсартуға арналған процедура. Жұмсақ массаж қозғалыстары мен скрабтаушы заттың бөлшектері жұмсақ теріге қол жеткізуге және оны әрі қарай нәрлендіруге, ылғалдандыруға немесе басқа күтім процедураларына дайындауға көмектеседі.
Косметолог қызметтері
Бет скрабы
Бетті скрабтау
Кәсіби косметикалық скрабты пайдалана отырып, бет терісін уқалау қозғалыстарымен тазарту. Массаж қозғалыстары сергіткіш әсер береді, скраб теріні сыртқы ластанулардан тазартады, тері саңылауларын ашады, теріге тазалық, жеңілдік сезімін береді, жарқырау, бірқалыпты түс береді.
БАЛАУЫЗ ДЕПИЛЯЦИЯСЫ / ҚАНТ ДЕПИЛЯЦИЯСЫ
БАЛАУЫЗДЫ ДЕПИЛЯЦИЯ
Аяқтар толығымен. Қажетсіз шашты бүкіл аяқтан балауызбен алып тастау.
Аяқтар тізеге дейін. Аяқтардағы қажетсіз шашты тізеге дейін балауызбен алып тастау.
Қолдар толығымен. Қажетсіз шашты бүкіл қолдан балауызбен алып тастау.
Қолдар шынтаққа дейін. Қажет емес шашты қолда шынтақ иілісіне дейін балауызбен алып тастау.
Балаларға арналған қызметтер
Балаларға арналған пилинг

Теріні тиімді тазалау, оған тазалық, сергектік әсерін беру үшін «Кесса» қолғабымен құрғақ скрабтеу. Тері жұмсақ, нәзік болады, саңылаулар ашылады және кейінгі булау кезінде уыттар, қалдықтар шығады.
Балаларға арналған массаж

Балаларға арналған қол массажы бүкіл денеге жасалды, бір-бірін алмастыратын жұмсақ әрі белсенді массаж жасау әрекеттері денені тынықтырады, шаршағанды жояды, бұлшықеттер мен буындарды жазады. Мұндай массаждан кейін денеде жеңілдік сезіледі.
Балаларға арналған жуу

Қолғап пен сабын арқылы денені жуу, теріні сыртқы ластанудан жақсы тазалап, терінің қабыршықтанған қабатын алады, қан айналымын күшейтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін немесе процедураға жазылу үшін келесі телефондар бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 390 10 10 немесе +7 (702) 390 10 10.
«Прайс» бөлімінен қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.