Шаштараз залы

Beauty Studio-да кәсіби шашатараздардың қызметін тек қана әйел адамдар ғана емес, ер адамдар да ала алады.

Бізбен бірге мыналарды жасауға мүмкін:

  • Өз образыңызды неғұрлым сәнді жасау;
  • Өз имиджіңізді толығымен өзгерту;
  • Үйреншікті бейнеңізді ауыстыру, оны тетіктермен толықтырып, айналаңызды таң қалдыру;
  • Шашатарға күтім жасауға уақыт бөлу.

Beauty Studio шаштараз залының қызметін пайдаланыңыз:

  • Классикалық шаш қию немесе моделді нұсқа;
  • Шашатарды кез-келген бояу, сонымен қоса креативті;
  • Күнделікті шашты сәндеу немесе мерекелік іс-шараға сәндеу;
  • Шашатарға арналған емдік және қалпына келтіру процедураларын жүргізу;
  • Танымал, заманауи шаш сәндеу, шаш үлгілері, бұйралау және т.б.

Шаш қию / шаш сәндеу

Әйелдер шашын қию

Әйелдердің шашын кез-келген нұсқада және ұзындықта классикалық, креативті қию. Жоғарғы санатты, тәжірибелі мастерлер кез-келген шаш үлгісін, өте жақсы түрде қиып бере алады.

Ерлер шашын қию

Бокс, undercut немесе knot? Ерлер шаш қию нұсқаларының барлық түрін біздің салонымызда кәсіби мастерлар жасайды.

Балалар шашын қию / Балалардың моделдік үлгіде шашын қию

Классикалық немесе креативті балалар шаш үлгісі — әдемі, сәнді және жылдам!

Кекілді қию / кекілді түзету

Кекіл образды жаңартуды басқа күрделі әдістерге сүйенбей өзгертудің өте тамаша әдісі болып табылады. Біздің студиямыздың мастерлері беттің түріне және ерекшеліктеріне байланысты кекіл таңдауға немесе бар кекілге түзету енгізуге көмектесуге дайын.

Жиектеу (ерлердің шашын)

Дайын шаш үлгісіне форма беру немесе біраз өскен шаштардың жиектерін жасау машинканың және таңдалған формадағы және өлшемдегі насадкалардың көмегімен жүзеге асырылады.

Шаш формасын түзету

Шаштың формасын түзету, шаштарының формасы мен ұзындығы өздеріне ұнайтын, бірақ оған жаңарту мен балғындық бергісі келетіндерге арналады. Бұл жағдайда мастер шаш үлгісін сақтап, оған жаңашылдық енгізуге көмегін береді.

Қиылған шашты түзету

Шаша үлгісін түзету немесе оған форма мен күтім жасалған түр беру үшін жаңарту.

Ыстық қайшымен қию

Шаш ыстық электрлік қайшының көмегімен қиылады, температура мастермен клиенттің шашының түріне байланысты жеке таңдалып алынады. Шаштардың ұштануын, қатпарлануын азайту үшін, шаштардың ұштарын бекітуге негізделген принцип.

Шаш сәндеу

Шаштарды сәндеу оларға көлем беру үшін, феннің көмегімен форма беру үшін және сәндеуге арналған және шашты қорғауға арналған құралдар көмегімен шашты күтуге мүмкіндік береді.

Биохимиялық бұйралау

Үтіктер мен плойкаларды – шаштардың биохимиялық бұйралаумен ауыстыруға болады, бұйра шаштарды ұзақ уақытқа, шашатарға зиян келтірмей сақтауға болады.

Карвинг

Шаштарды бұйралауға арналған құралдың көмегімен сәндеу, ол шаштың құрылысына кірмейді, тек бетіне жағылады, соның арқасында шаштар аз зақымданады.

Ұстарамен қырыну

Қауіпті бритвамен қыру, тегіс теріні береді, тітіркенулерді болдырмайды, шаштарды біркелкі алудың нәтижесінде ұзақ уақыттық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қыру үш кезеңде жүргізіледі:

Теріні жібіту және дайындау;

Қауіпті ұстарамен қыру;

массаж және соңғы күтім.

Шашты бояу

Шашты бояу

Алдыңғы бояудағы түсті тегістеу, ақ шаштарды жабу. Процедураның соңында соңғы күтім және фенмен жеңіл сәндеу

Шашты мелирлеу

Мелирлеу — кейбір шаш бөліктерінің түстерін ағарту әдісімен шашатарды ағарту тәсілі, мұндай бояу нәтижесінде күнге күйіп кеткен шаштардың әсері байқалады. Процедураның соңында соңғы күтім және нәтижені бекіту мақсатында фенмен жеңіл сәндеу.

Шашты күрделі бояу

Шатуш, балаяж, омбре, брондирование, тонирование сияқты барлық күрделі бояу түрлерін жоғары санатты маман жасайды. Бояу соңында соңғы күтім және фенмен сәндеумен аяқталады.

Шашқа күтім жасау/шашты емдеу

Шашқа ботокс жасау

Шашатрады жазып, тығыздатуға арналған процесс, ботокстан кейін шашатар жылтырап, толыққанды болып көрінеді. Бірнеше кезеңнен тұрады: шашты жуу, жеңіл кептіру және құрамында шаштарға пайдалы элементтері бар сарысуды жағу. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, құрамы жуылып, бастың терісіне жағылады. Жуғаннан кейін шаш фенмен кептіріледі.

Кератинді түзету

Боялған, мелирленген жасалған, химиялық бұйралауға ұшыраған шаштарға күтім жасау және емдеу процедурасы. Кератин — шаштардың 90% құрайтын ақуыз, процедура шаштарды қалпына келтіреді, шаштардың құрылысына кіре отырып, бос орындарды толтыра отырып, оларды қоректендіреді. Процедураны алғаннан кейін шаштар тегіс, жұмсақ болып және жарқырайтын болады.

Қосымша ақпарат алу немесе процедураға жазылу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 (ішкі 734) немесе +7 (702) 714 30 44.

«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.