Жапондық Luxe-нөмір

Arasan Wellness & SPA Сізге күн шығыс елі мәдениетінің бірегейлігін беруге мүмкіндігі бар нағыз жапон моншасына баруды ұсынады. Luxe-нөмір шығыс стилінде орындалған, ішіне төрт адамға дейін сыяды. Бұл жердегі демалыс тыныштық және шаттық атмосферасына ену мүмкіндігін береді. Бұған luxe-нөмір интерьерінің түпнұсқаға барабар стилі жағдай жасайды. Сонымен қатар, біз қонақтарымызға әртүрлі шай сорттарынан таңдау жасауға болатын шай картасын және тағамдардың үлкен таңдауы бар негізгі мәзірді ұсынуға дайынбыз.

Нөмірде шабыну бөлмесі, гидромассаждық бассейн және купель бар. Сондай-ақ, арнайы мәрмардан жасалған, қыздырылатын үстелде массаж жасауға тапсырыс беруге, демалысқа арналған тапшандарды пайдалануға немесе караокеде ән айтуға болады.

Жапон моншасының артықшылықтары

Нағыз жапон моншасы – ол ылғалды бу және бірқалыпты, жайлы температуралық режим. Жапон моншасы төменгі температураныжәне жеткілікті ылғал буды қалайтындарға өте жақсы келеді.

Дәстүрлі жапон моншасы организмдегі зат алмасу процесін қалпына келтіруге, иммунитетті қатайтуға және шаршағаныңызды басуға, теріні жасартуға және зиянды заттарды (шлактар, токсиндер және т.б.) шығаруға көмектеседі.

Қосымша ақпарат алу немесе процедураға жазылу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
+7 (727) 390 10 10 (ішкі 741/768); +7 (775) 390 05 50.

«Прайс» бөлімінде қызмет түрлерінің бағасымен таныса аласыз.